Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің мөлшерлерін жергілікті атқарушы орган айқындайды және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.
Азаматтардың мұқтаждар санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет, жылына 1 рет) Тараз қаласы аумағында тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.
Тараз қаласы мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» №25-6 шешіміне сәйкес, атаулы және мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмектер белгіленген.
Аталған шешімге сәйкес, атаулы және мереке күндеріне, яғни 9 мамыр – Жеңіс күніне Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге, Тәжік-Ауған, Ирак, Таулы Қарабах шекараларында бітімгершілік операцияларында қызмет еткен әскери қызметшілерге, ЧАЭС апатын жоюға қатысқан әскери қызметшілерге және Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл ардагерлеріне әлеуметтік төлем көрсетіледі.
Одан өзге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, жасы бойынша зейнеткерлерге санаторийлік-курорттық емделудің шығындарын өтеу әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген (150 576 теңге) деңгейінен аспаған жағдайда 45 АЕК немесе 176 940 теңге төленеді.
Мәслихат шешіміне сәйкес, әлеуметтік мәні бар аурулар (қатерлі ісік, туберкулез ауруымен ауыратын тұлғаларға, АИТВ бар кәмелетке толмаған балаларға, нашар көретін екінші топ мүгедектігі бар адамдарға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар балалар, интернаттық білім беру ұйымдарда тәрбиеленетін және (немесе) білім алатын мүгедектігі бар балалар, білім беру кезеңінде кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында жатқан балаларға білім алу кезеңінде қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол жүруге 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (3 932 теңге) өтемақы қарастырылып, төленуде.
Одан өзге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, өмірлік қиын жағдай туындаған тұлғаларға, жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтындарға адамдарға, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде, тұрғын үйді газдандыруға әлеуметтік төлем жүргізіледі.
Сонымен қатар бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшілеріне немесе күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушыларға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген санаторийлік-курорттық емдеу шығындарының орнын толтыру кепілдік берілген соманың 70% (жетпіс пайызы) мөлшерінде өтеледі.
Ағымдағы жылы барлығы 2 103 адамға 252 903,9 мың теңге төленді.
Гаухар ОЛЖАБАЕВА,
Тараз қаласы әкімдігі
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы