Городская общественно-политическая газета

Әлеуметтің әл-ауқаты артып келеді

0 100

Халықты тұрақты жұмыспен қамтып, әл-ауқатын арттыру мемлекетіміздің алға қойған басты міндеттерінің бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында аталған мәселеге ерекше мән беріліп келеді. Биылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты басты құжатта да Президентіміз экономикамыздың барлық саласын қамти отырып, атқарылуы тиіс міндеттерді белгілеп берді. Бұл бағытта облысымызда да жүзеге асып жатқан ілкімді істер аз емес.Еркін Келесов, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Жалпы, мемлекетіміздің саясатын, соның ішінде Президент Жолдауындағы әлеуметтік мәселелерді іске асыру Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан негізгі үш бағытта орындалуда Олар: халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларына жәрдемақылар төлеу, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету.
Мемлекетіміздің ең пәрменді әлеуметтік саясаты өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып табылатындықтан халықты тұрлаулы жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жолдауға сәйкес халықты жұмыспен қамту бағытындағы жаңа саясат тетіктері белгіленіп, оны жүзеге асыруда бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Мәселен, Президенттің тапсырмасына орай 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құрудың облыстық жоспары 6,2 мың болып бекітілсе, бүгінгі күнге облыс- та 11,0 мың жұмыс орны ашылып, меже артығымен орындалуда.
Негізі халықты жұмыспен қамту мәселелері биылдан бастап Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында іске асырылуда. Биыл аталған жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49 500 адамды тарту жоспарланған болатын. Жыл басынан бері жоспар 132,0 пайызға орындалып, 65350 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Соның ішінде бос жұмыс орындарына — 27955, кәсіптік оқытуға — 933, онлайн оқытуға — 1560, «Бастау бизнес курстарына»-19800 адам жолданып, 2158 азамат мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Сонымен қоса алғашқы жұмыс орындарына-179, әлеуметтік жұмыс орындарына — 1 150, жастар практикасына 1738 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 9293 азамат тартылды.
Жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 33879 адам болса, есепті кезеңге 40615 азамат жұмысқа орналастырылып, жоспар 119,9 пайызға орындалды. Сонымен қатар, тұрақты жұмысқа 23296 адамды орналастыру жоспарланып, барлығы 27955 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Осылайша бұл жоспар да 120 пайызға орындалды. Сондай-ақ қысқа мерзімді 3 айлық кәсіптік оқыту курстарында 853 адамды оқыту үшін 201,1 миллион теңге қаралды. Есепті кезеңде 933 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданып, жоспар толығымен орындалса, жұмыс берушінің қызмет орнында оқытуына 284 адам жолданды.
Ұлттық жоба аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 1030 орынға 295,3 миллион теңге қаржы қаралып, есепті кезеңде 1150 адам жолданды. Оның 380-і жұмысын аяқтаса, 362-сі немесе 95,2 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 1262 орынға есепті кезеңде 1738 түлек жолданды. Оның 461-і жұмысын аяқтаса, 405-сі немесе 87,9 пайызы тұрақты жұмысқа тұрды. Ал ақылы қоғамдық жұмысқа барлығы 7627 адамды тартуға 4597,0 млн.теңге қаралып, бүгінгі күнге қоғамдық жұмыстарға 9293 адам жолданды. Осы бағыт аясында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы есепті мерзімге 179 адам жолданып, облыстық жоспар 144,4 пайызға орындалды. Бұған қоса «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы арқылы 31адам, «Күміс жас» жобасына 269 адам жіберілді. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша онлайн оқыту курстарына 19771 адам жолданып, 15162 адам оқуларын аяқтады. Сонымен қатар, Ұлттық жоба аясында кәсіпкерлікті дамытуға 2630 адамға 400 АЕК мөлшерінде 3 345,4 миллион теңге мемлекеттік қайтарымсыз гранттарды беру қарастырылды. 10 айда облыс бойынша 2158 адам 2643,9 миллион теңгеге қайтарымсыз гранттарға ие болды. Грант беру жұмыстары қаржыландыру жоспарына сәйкес орындалуда.
Халықты жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, жұмыссыздық деңгейі 2022 жылдың 2-ші тоқсанындағы 5,0 пайыздан төмендеп, 3-тоқсанда 4,9 пайызды құрады.
Әлбетте, халықты жұмыспен қамту бағытындағы маңызды шаралардың бірі жастардың екі қолға бір күрек табуы. Президент өз Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екенін айта отырып, еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс берілетінін жеткізді.
Осының алғышарты ретінде жастарды жұмыспен қамту бағытында да ауқымды істер жүргізілуде. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында ағымдағы жылдың 1 — қарашасына жұмыспен қамту органдарының ықпалымен 29-жасқа дейінгі жастардан 25588 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде 7798 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасса, 330 жас қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, 525 жас онлайн оқытуға, 1738 түлек жастар практикасына, 189 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 1888 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 30 — жас «Ұрпақтар келісім шартына», 179 — жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 11391 жас «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, 1520 жас қайтарымсыз грант алды.
Жастарды жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, жастар жұмыссыздығының деңгейі 2022 жылдың 2-ші тоқсанындағы 3,1 пайыздан төмендеп, 3-тоқсанда 3 пайызды құрады.
Президент Жолдауына сәйкес жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға 2023 жылдан бастап жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Осыған сәйкес жастардың кәсіпкерлік бас- тамасына жәрдемдесуге кредиттер беруге Еңбек министрлігіне 2023-2025 жылдарға 1084 жасқа 5,4 миллиард теңгеге бюджеттік өтінім жолданды.
Жолдау жүктеген міндеттер аясында аз қамтылған отбасыларына жәрдемақылар төлеу бағытында да түбегейлі оңды өзгеріс- тер орын алуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасын енгізу басталды. Бұл Карта — әлеуметтік мәртебесіне қарай кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алу құқықтары туралы әрбір азаматқа ақпарат берудің құралы. Яғни, азаматтардың күн сайынғы «электрондық жаршысы». Осы Карта әлеуметтік көмек алатын азаматтарға тиісті органдарға жүгінбей-ақ мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды өзі ұсынатын болады. Отбасының цифрлық картасы – бұл әртүрлі мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға және оларға проактивті форматта кепілдік берілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.
ОЦК-да 6 млн отбасына бөлінген барлық 19,4 млн азамат туралы деректер жинақталған.
Отбасылардың әл-ауқатының деңгейі 5 критерий бойынша айқындалады: экономикалық өмір сүру жағдайлары, денсаулық сақтау қызметтерімен қамту және мүгедектігі бар адамдардың болуы, тұрғын үй жағдайлары, әлеуметтік жағдайлар, білім беру қызметтерімен қамту және отбасы мүшелерінің білім деңгейі.
Отбасының цифрлық картасының жұмыс істеу алгоритмі мынадай түрде іске асырылған: мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде, әлеуетті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін СМС-хабарлама жіберіледі. Келісім алғаннан кейін әлеуметтік жәрдемақы, төлем немесе мемлекеттік қолдаудың өзге де түрі тағайындалып, кейіннен алушының банк шотына аударылады.
Жобаны іске асыру кезеңдеріне келсек, осы жылғы 1 қыркүйектен бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызметтер алу мүмкіндігі ұсынылды. Ал 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тізбе әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен кеңейтілетін болады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі. 2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылмақ. ОЦК-ны пилоттық іске қосуға дайындық барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желісі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж азаматтар анықталды. Ал үстіміздегі жылғы 1 қыркүйектен бастап оларға проактивті қызмет көрсетуге СМС-хабарламалар жіберілетін болады.
Келісім алғаннан кейін – әлеуметтік жәрдемақы, төлемдер немесе мемлекеттік қолдаудың басқа түрлері тағайындалып, кейін алушының банк шотына аударылады.
Осы орайда қазан айынан бастап атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) үміткер отбасыларына смс хабарламалар жолдануда. Осындай смс хабарлама – 395 отбасына жолданып, соның негізінде 210 отбасына АӘК тағайындалған. Ал 87 отбасының құжаттары қаралуда, 98-не түрлі себептермен бас тартылған. Жалпы 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 48613 адамды қамту жоспарланып, оларға барлығы 4,2 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына атаулы әлеуметтік көмек 8561 отбасындағы 44752 адамға 2,8 миллиард теңгеге тағайындалып, төленді.
Көмек алушыларды масылдық пиғылдан арылту мақсатында жұмысқа жарамды азаматтарын жұмысқа тарту шаралары қабылдануда. Ағымдағы жыл басынан АӘК алушылар қатарындағы еңбекке жарамды мүшелерінен 2140 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып отыр. Оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарына 1633 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 308 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 92, қысқа мерзімді оқу курстарына 61 адам, жастар практикасына 9 адам жолданып, 37 адам жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін қайтарымсыз грант алған. .
Осындай бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өткен жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда АӘК алушылар 2560 отбасы 12888 адамға немесе 21,7 пайызға төмендеген.
Кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен АӘК алушы отбасыларындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 16347 баланықамту жоспарланып, оған барлығы 1,3 миллиард теңге қаржы қарастырылған болатын. Қаңтар-қазан айларына кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 12195 бала қамтылып, 524,1 миллион теңге төленді.
Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мемлекеттің қастерлі борышы және әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда Президент өз Жолдауында: «Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз», — деп атап өткен болатын. Бұл бағытта облыста да тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытта облыс бойынша 45718 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде 1-ші топтағылар – 4204, 2-ші топтағылар — 17252, 3-ші топтағылар — 17488, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі барлар саны – 6774 адам. Бұл облыс халқының жалпы санына шаққанда 3,9 пайызды құрайды.
Мүгедектігі бар адамдарды қажетті арнайы оңалту құралдармен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы республикалық бюджеттен 1,7 млрд.теңге және облыстық бюджеттен 297,3 миллион теңге қаржы бөлініп, әлеуметтік оңалту құралдарына мұқтаж 11215 мүгедектігі бар адам тиісті бұйымдармен қамтамасыз етілуде. Соның жарқын айғағы күні кеше халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес және түзету кабинеттеріне, оңалту орталығына арнайы жабдықтар тапсырылды.
Арнайы жабдықтар 6 психологиялық – медициналық-педагогикалық кеңес, 12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне және Тараз қаласының оңалту орталығына берілді. Нақтырақ айтқанда Монтессори кабинеттеріне арналған оқу құралдарына, Бильгоу тақталарымен (тепе-теңдік ұстауға арналған тренажер-тақталары), ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тексеруге арналған жиынтықтар мен ортопедиялық орындықтармен қамтылды.
Сонымен қатар Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен бөлінген 1,5 миллиард теңгеге 9300 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтылуда.
Жыл басынан бері 9672 мүгедектігі бар адам 19542 техникалық оңалту құралдарымен және оңалту қызметтерімен қамтылып, оған республикалық және жергілікті бюджеттерден 962,4 миллион теңге қаржы жұмсалды.
Әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 89,2 пайызды құрап отыр. Порталда 21898 өтініш тіркеліп, 19542 өтініш қанағаттандырылды. Бұл республика бойынша 4-ші орындағы көрсеткіш.
«AMANAT» партиясының «Өзгеру жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының 84-тармағына сәйкес 2022 жылдың соңына қарай стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 40 пайызды құрауы тиіс. Осыған байланысты облыс бойынша 2021-2025 жылдары 1295 нысанды бейімдеу, ал 2022 жылы Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарланған.
Тараз қаласы мен аудандарда бүгінгі күнге бейімдеу жұмыстарына 242 нысанға 232,4 миллион теңге қаржы бөлініп, 180,9 миллион теңге қаржыға 198 нысан бейімделуден өтіп, олардағы жұмыстар толығымен аяқталған. Сонымен қатар, 44 нысанға 51,4 миллион теңге қаржы бөлінді. Бейімдеу жұмыстары жыл соңына толығымен тәмамдалады.
Облыс көлемінде 18 медициналық-әлеуметтік мекемелерде 1689 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда. Атап айтсақ, 7 стационар жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында 1098 қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, 9 жартылай стационар жағдайындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және бейімдеу орталықтарында 319 мүгедекті бар адамдарға және 2 тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталықтарында жыл басынан 272 адамға қызмет көрсетілді.
Қорыта айтқанда, алдымызды тұрған ауқымды міндеттерді өз құзіреті шегінде жүзеге асыру біздің басқарманың басты мақсаты болып қала бермек. Әлеуметтің әл-ауқаты артса ел экономикасына да оң серпін берері сөзсіз. Сол үшін осы бағыттағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.