Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кенжебек Олжабай – қалалық мәслихаттың төрағасы

0 2  603

Сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №1-2 шешімімен Тараз қалалық мәслихаты төрағасы болып Кенжебек Мамашбайұлы Олжабай сайланды.

Кенжебек Мамашбайұлы 1960 жылы 11 сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2006 жылы Тараз интистутын тарих бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы №154 қалалық кәсіптік-техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері, комсомол комитетінің хатшысы болып бастаған.
1989-1992 жылдар аралығында Жамбыл облыстық комсомол комитетінің облыстық студенттер жасақтары, Алматы қаласында Қазақстан комсомолы Орталық комитетінде Республикалық жастар ғылыми-экономикалық бірлестігі студенттік отрядтар штабында сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1993-2008 жылдары Тараз қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінде бас маман, әкімнің көмекшісі, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.
2008-2010 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы, 2011-2016 жылдары Тараз қалалық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2016-2020 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімінің орынбасары, 2020-2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.