Қалалық қоғамдық-саяси газет

«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы мен «РСК Банк» ААҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

0 303

«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы мен «РСК Банк» ААҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

 

Қос тарап Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасына жөнелтілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді экспорттау аясында банк клиенттерін сақтандыратын болады, сондай-ақ саудалық қаржыландыру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру туралы ортақ шешімге келді.

 

Одан бөлек, келісім стратегиялық әріптестікті дамытуды, бірлескен бағдарламалар мен жобалардан хабар беретін семинарларды, дөңгелек үстелдерді, презентацияларды ұйымдастыруды көздейді.

 

Сонымен қатар, сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын компанияларды қаржыландыру/сақтандыру және өзге де қолдау көрсету мәселесі қарастырылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.