Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкерліктің өкжиегі еңеюде

0 153

Ұлы Жібек жолының бойында орын тепкен Тараз қаласы сан ғасыр бойы сауда орталығына айналғаны баршаға мәлім. Бүгінде көне шаһар жаңа дәуірдің белесіне көтеріліп, кәсіпкерлік қанатын кеңге жайған өңірлердің қатарында. Бұл бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жетерлік.

ӨНДІРІС КӨЛЕМІ ҰЛҒАЮДА

Қаланың өнеркәсіп саласында ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша 387 миллиард 525,1 миллион теңгеге өнім өндіріліп, нақты индекс көлемі 112,4 пайызға орындалды. Бұл сала бойынша қаңтар-қазан айларындағы өндірілген өнім көлемінің болжамы 390 миллиард 901,3 миллион теңгеге жетеді деп күтілуде. Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі – 83 миллиард 425,2 миллион, негізгі капиталға салынған инвестициялардың 88 миллиард 592,2 миллион теңгені құрады. 2022-2023 жылдары жалпы құны 10,29 миллиард теңге болатын құрайтын 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар жүзеге асар болса, 855 жаңа жұмыс орны ашылады.

2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Alina Group» ЖШС-нің «Тараз қаласындағы «Alina Group» ЖШС-нің өндірістік базасын кеңейту және жаңарту» жобасы іске асырылды. Бұл жобаның қуаттылығы жылына 150 мың тонна құрғақ құрылыс өнімдерін шығаруға қауқарлы.

«Kisc» ЖШС-нің «Металл құю цехын жаңғырту», «Дәмді себет» ЖШС-нің «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіруді ұйымдастыру», «СП-Тараз PET» ЖШС-нің «Полиэтилентерефталат рециклингу бойынша зауыт салу», «Alima Delux» ЖШС-нің «Тұрмыстық техника зауыты» және «Оргэлитстройсервис» ЖШС-нің «Қант қызылшасы мен мелассаны терең өңдеу арқылы қант өндірісі» жобалары салаға серпін беріп, көкжиегін кеңейтері сөзсіз.

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ИГІЛІГІ

2018 жылы жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру үшін шаһарда республикалық маңызы бар «Тараз» индустриялық аймағы құрылған еді. Аталған аймақ – кәсіпкерлердің өндірісті дамытуы үшін инфрақұрылымы бар ыңғайлы алаң. Оның негізгі мақсаты – инвестицияларды тарту, отандық өндіріс тауарларының экспортын ілгерілету, инновациялық және импортты алмастыратын өндірістерді, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру.

Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Басқарушы компания мүдделі кәсіпкерлерге қаланың өнеркәсіптік аймағында орналасқан жер учаскелерін ұсынуға дайын. Индустриялық аймақтың жер учаскелерінің жалпы ауданы 184 гектарды құраса, оның 138 гектары бос жер учаскелері қатысушыларға қосалқы жалға беріледі. Бұл ретте нөлдік жалдау ақысы барын және қатысушы жоба пайдалануға берілгеннен кейін өз учаскесін сатып алуға құқылы екенін айта кеткен абзал.

Жамбыл облысының өңірлік үйлестіру кеңесімен индустриялық аймақтың қатысушылар тізіліміне Тараз қаласы бойынша құны 55 миллиард болатын 4 жоба енді. Мәселен, «TB Alloys Kazakh limited» – «Ферросилиций өндіру» « Ну р Х им » Ж ШСн ің« Ар ал асм ин ер ал дыт ың ай тқ ыш та р өндірісі», «Трикотаж және тігін бұйымдарын өндіру» және «Асқар-Тау НC» ЖШС-нің «Асфальт бетон қоспасын, битум эмульсиясын және әртүрлі фракциядағы қара қиыршық тасты өндіру» жобалары бүгінде өз жұмыстарын бастауға әзір.

Жоғарыда аталған жобаларға қосымша 2020-2025 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде тағы 4 жоба ұсынылды. Оның 3-нің индустрияландыру немесе өңірдің кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізуге өтінім құжаттары дайындалса, 1 жобаның өтінім құжаттары әзірленуде. Аталған жобаларға тиісті жер телімдері қарастырылды.

ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ШАРУАСЫ ШИРАУДА

Тараз қаласында шағын және орта кәсіпкерлік дамуының көрсеткіштерінде де айтарлықтай өсім байқалуда. Бүгінде шаһарда тіркелген кәсіпорындардың жалпы саны – 36 921. Оның ішінде ша- ғын – 6 858, орта – 28, жеке кәсіпкер-лік – 29 658, шаруа қожалықтары – 377. Ал былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелгендер саны 4 784-ке, нақты жұмыс істейтіндер 5 826 бірлікке өсті. Соның арқасында шағын және орта кәсіпкерлікте 56 218 адам жұмыспен қамтылды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ғимарат, құрылым, өндірістік жай, пәтерді өндірістік қызметтерге, жертөлелерді қайта жобалау жөніндегі жеңілдіктер жалғасуда. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 0,1006 шаршы метр алаңда 8 пәтерді дүкен, 4 пәтерді кеңсе, 1 пәтерді дәріхана, 2 пәтерді тіс емханасы, 3 пәтерді медициналық орталық, 1 пәтерді шаштараз, 2 пәтерді сұлулық салоны ретінде қайта құрып, жапсарлас құрылысқа рұқсат етілді. Бұған қоса ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен барлығы 1 168 жоба 12 миллиард 987,5 миллион теңгеге қаржыландырылды. Шаһарда «Мемлекеттік сатып алу бағдарламасы» аясында «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу арқылы жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бірқатар қала әкімдігіне қарасты бөлімдермен де жұмыс жүргізілуде.

САУДА БАЗАРЛАРЫН ЖАҢҒЫРТУ МАҢЫЗДЫ

Облыс орталығында ресми 18 сауда базары тіркелген. Олардың 15-і әмбебап, 2-і арнайы мамандандырылған. Олар: «Достық» құрылыс және «Автотауар» автобөлшектер базары. Мұндағы басты мәселе – қазіргі таңда заманауи талаптарға сай келетін Орталық базар 6,5-7 пайыз деңгейінде ғана сатушылармен қамтылған. Өзге базарлардағы сауда орындарының қамтылуы 49,9 пайызды құрап отыр. Былтыр осы сауда нысандарынан түскен салықтың көлемі 75 миллион 252 мың теңгені, ал 7 айдың қорытындысы бойынша 54 миллион 293 мың теңгені құрады.

Жалпы сауда орындарында кәсіпкерлікті заң талаптарына сәйкес жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың 15 наурызында облыс әкімінің орынбасарымен «Жамбыл облысындағы базарлар мен өзге де сауда орындарын қолданыстағы заңнама талаптарына сай келтіру бойынша кешенді іс-шара жоспары» бекітілген. Барлық базар қызметі негізінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 5 ақпанындағы №131 Қаулысымен бекітілген «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру» қағидалары шеңберінде реттеледі. Сауда саласындағы заңнама талаптарына сәйкестендіру үшін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Осы мақсатта базар басшылықтарымен бірлесе отырып, әрбір нысан бойынша қайта жаңартудың жол карталары әзірленген. Бүгінгі күні осы жол карталары аясында жұмыстар жүргізілуде. Айталық, наурыз-сәуір айларында «Салтанат», «Нұралы», «Береке», «Якка сарай», «Арзан» базарларын жаңғырту жұмыстары басталмақ.

Осы орайда ең алдымен тұрғындар көп шоғырланатын базар орындарын заманауи талаптарға сай етіп, сапалы қызмет көрсетуге ыңғайлы жағдай қалыптастыру бойынша әр құрылтайшымен кездесулер, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Жалпы Таразда орналасқан сауда базарларының ішінде 8-іне модернизациялау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі таңда «Дәулет» базарының мақсаттық бағыты сауда ойын-сауық орталығы болып өзгертіліп, жобалық-сметалық құжаттарына сәйкес құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыстың 70 пайызы аяқталған, жоспар бойынша желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Ал «Жібек жолы» базарының әкімшілігімен эскиздік жоба әзірленіп, екі қабатты, құрылыс материалдарын сататын ғимараттың құрылысы жасалуда. Қазіргі таңда құрылыстың 1 қабаты іске қосылған. Бүгінгі күні көршілес Ресейден жеткізілетін материалдардың жоқтығынан уақытша құрылыс жұмыстары тоқтап тұрған «Арзан» базары да жуырда жанданбақ.

Ал «Салтанат» базарының эскиздік жобасы әзірленген. Құрылыс жұмыстарының 1-кезеңі, яғни 50 пайызы 2018 жылы аяқталған. Екінші кезеңін жүргізу қаржылай қиындықтарға байланысты тоқтатылған. Құрылыстың екінші кезеңі екінші деңгейлі банктермен несие мәселесі шешілген жағдайда басталады. Сол сияқты «Якка сарай» базарының қасбетіне ішінара жаңарту жұмыстарының жай-күйі осындай. Шаһардағы «Ысты» базары мен «Береке» базарына несие мәселесі бойынша банктермен жұмыстар жүргізілуде. «Нұралы» базарындағы жер телімінен су құбырының өтуіне байланысты нысан басшылығы сәулет және қала құрылыс бөлімімен эскиздік жобаны келісе отырып өзгертіп, сауда орындарын жеңіл конструкциядан салуды жоспарлауда. Қазіргі таңда қаржылық қиыншылықтарға байланысты құрылыс жұмыстарын жүргізу тоқтап тұр.

Базарларды қайта жаңғырту жұмыстары бойынша бөліммен жүргізілген зерделеу жұмыстары көрсеткендей, басты проблема қаржылық қиыншылықтарға тіреліп отыр. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жұмсалатын шығын мөлшері көбейген.

Қалада шағын бизнесті қолдау мақсатында жеке тұлғаларға қала аумағынан ұлттық сусындар, көкөніс және тағы да басқа тауарларды сату үшін 84 орын белгіленген болатын. Оның ішінде ұлттық алкогольсіз сусындар сатуға арнал- ған – 19, бау-бақша және жеміс жидек, көкөніс өнімдерін сатуға – 19, құйылмалы балмұздақ сатуға – 16, нан, жылдам дайындалатын және жартылай дайын тағам өнімдерін сатуға арналған сауда орындарына 30 орын берілген еді. Сондай-ақ оларды ретке келтіру үшін жұмысшы тобы құрылған. Топ қала аумағындағы жергілікті полиция кызметкерлерімен бірлесе отырып. мониторинг жүргізуде. Соның нәтижесінде ағымдағы жылдың 8 айында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабы бойынша 840 тұлғаға хаттама толтырылып, ескерту жасалып, 3 тұлғаға 47 700 теңге көлемінде айыппұл салынды.

БАҒА ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Шаһарда әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қала аумағында 630-дан аса азық-түлік тауарларын сататын сауда дүкендері жұмыс істейді.

Бүгінге дейін жүргізілген мониторинг нәтижесінде апта сайын 55-75 азық-түлік дүкендері қамтылуда. Мұндағы басты мақсат – азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру, тауарлардың негізсіз өсуіне жол бермеу, әлеуметтік азық-түлік тауарларына үстеме ақыны 15 пайыздан және бекітілген шекті мәннен асырмау. Бұл мәліметтер апта сайын облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына жолдануда. Бірқатар шағын дүкендерде азық-түлік тауарларының сөрелерде бағаларының жоқтығы анықталып, дүкен иелеріне ескертулер жасалды.

Ағымдағы жылдың басынан бері прокуратура ұсынысы және тұрғындардан түскен арыз-шағымдардың негізінде 11 ішкі сауда субъектісіне жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, заң бұзушылыққа жол бергені үшін 6 жеке кәсіпкер мен 1 заңды тұлғаға ескерту және 1 нысанға айыппұл салынды. Бұл ретте «Мурахмедов Миркадыр Миралымович» ЖК («Leo» дүкені) әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде заң бұзушылықты қайталағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4 бабының 2-бөлігімен айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.

ТУРИЗМНІҢ ТҮТІНІ ТІК ҰШУДА

Тараз тарихи орындарға бай қала болғандықтан, қонақтардың да қатары күннен-күнге көбейіп келеді. Ұлттық жобада 4 негізгі бағыт көрсетілген. Оның ішінде туризм саласына қатысты 3-ші бағыт «Жаңа тауашаларды қалыптастыру» деп аталады. Бұл бағытта Тараз қаласына қатысты туризм саласы бойынша ағымдағы жылға 3 көрсеткіш қарастырылған. Олар: «Ішкі туристер санын ұлғайту» бойын- ша – 62 353 адам, «Шетелден келетін туристер санын ұлғайту» бойынша – 3 935 адам, «Бөлме қоры санын ұлғайту» бойынша 2160 төсек-орын екендігі белгіленген.

Қазіргі таңда бұл бағыттар бойынша жұмыстар жандануда. Дегенмен кейбір көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Оның басты себебі – туризм саласындағы функциялар мен міндеттемелер 2020 жылдың 11 маусымынан бері 2 жылға жуық мерзімге кәсіпкерлік бөлімінен алынып тасталғанына байланысты тиісті жұмыстар жүргізілген жоқ. Алайда осы жылдың жылдың 13 шілдесінен бастап кәсіпкерлік бөлімінің ережесіне туризм функциясын енгізу арқылы өзгертулер енгізілді. Аталған көрсеткіштер жыл соңына дейін орындалады.

Сондай-ақ индикаторларды орындау мақсатында кәсіпкерлік бөлімі тарапынан шаһардың ірі қонақ үй басшыларына хат жолданып, қалалық статистика басқармасына келген туристер туралы есептілікті өткізіп отыруды ескертілді.

Шаһарға аялдайтын туристер балалар ойын алаңына да мән берері даусыз. Қала әкімдігінің Қаулысымен бекітілген Ережеге сай стационарлық және жылжымалы аттракциондар жергілікті атқарушы органдарда елді мекендер шекарасының шегінде есепке қойылатыны көрсетілген. Осыған орай қала бойынша парктерде, балалар ойын-сауық әлемінде жұмыс істеп тұрған аттракцион иелеріне, қызметшілеріне стандарт бойынша аттракциондарды есепке қою керектігі туралы бірнеше мәрте хат және «WhatsApp» арқылы хабарландырулар берілген. Стандарттың 5.1.5 тармағына сәйкес аттракциондардың құжаттарын есепке қоюға «Кошмамбетов и К» ЖШС-нен 22 және «Рахимжан- Петролеум» ЖШС-нен 6 аттракционның құжаттары ұсынылды. Сонымен қатар Ташкент көшесі, №118 ғимаратында «Нурислам» сауда орталығының 3-ші қабатында және Жібек жолы көшесі, №11 «А» ғимаратында орналасқан «KIDS PARK» кешеніндегі «Қазақбаева» жеке кәсіпк ер лі гі ні . а тт ра кц ио нд ар ыне се пк е қ .юб ой ын шао бл ыс ты . м ам ан да нд ыр ыл .а н а уд ан ар ал ықэ ко но ми ка лы . с от ын а т ал апа ры з ж ол да нд ы. С он да й-а . « Же .і с»және «Қ.Рысқұлбеков» саябақтарында орналасқан ойын алаңдарының құжаттарының ұсынылмауына байланысты аттракцион иелерін анықтауға немесе жұмысын тоқтату бойынша шаралар қабылдауға Тараз қаласының полиция басқармасына хат жіберілген. Сонымен қоса «Жеңіс» саябағында орналасқан «TANDAMALY» жеке кәсіпкерлігінің аттракциондарының жер телімі Тараз қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы «Жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы» №256 қаулысымен мемлекет меншігіне қайтарылған. Осыған орай Тараз қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау орандарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесімен бірге сотқа талап арыз қою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда маусымдық кезеңнің аяқталуына, яғни күннің суытуына байланысты аталған парктердегі аттракциондар жұмысын тоқтатуда. Алайда қала бойынша есепке қоюға ұсынылмаған аттракциондармен жұмыстар жүргізілуде.

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АРТЫП КЕЛЕДІ

Тараз қаласында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу мақсатында қалалық үшжақты комиссия жұмыс істейді. Комиссияның 2021-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілген. 2022 жылы қаңтар-тамыз айлар аралығындағы 7 айдың қорытындысы бойынша 4 рет комиссия отырысы өткізіліп, еңбек қатынастарындағы өзекті мәселелер қаралып, талқыланды.

Қалада жалпы 8 226 кәсіпорын (мекеме) тіркелсе, оның жұмыс істеп тұрғаны – 5 909. Үшжақты комиссия аталған кәсіпорындар мен мекемелерде ұжымдық шарттар мен меморандумдар қабылдау бойынша жоспарлы жұмыстар атқарды. Ұжымдық шарт жасау жоспарын орындау үшін кәсіпорын (мекеме) басшыларымен жұмыстар жүргізіліп, 2021 жылы 5 тамызда Тараз қаласы бойынша жұмыс берушілер бірлестігі құрылды. Оның төрайымы – Айгүл Ақшалова.

Бүгінде Тараз қаласы бойынша жұмыс берушілер бірлестігіне мүше ұйымдардың 2021-2025 жылдарға арналған ұжымдық шарты жасалып, көрсеткіш 100 пайызды құрап отыр. Биылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша шаһардағы «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС, «Айя-Сервис» ЖШС, және «Тараз» футбол клубы 3 мекемеде 425 жұмыскерге 369 миллион 371 мың теңге жалақы берешегі бар екені анықталды. Еңбек шиеленістерін болдырмау мақсатында кәсіпорын өкілдері жалақы қарыздарын өтеу үшін Тараз қаласының әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссия отырысына шақырылып, кәсіпорын өкілдері орын алған жалақы қарыздарын толығымен өтейтіні туралы баяндап, міндеттеме алған.

Жалақы қарыздарын өтеу Тараз қаласының әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссияның бақылауында.

Күн өткен сайын көне шаһардағы кәсіпкерлік саласының көкжиегі кеңеюде. Бұл, бір жағынан, жұмыссыздықты жоюға да өз ықпалын тигізіп отыр. Соның нәтижесінде облыс орталығының экономикасы қарыштап, халықтың тұрмысы түзелуде. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.

Айдын АЛТАЙ, Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.