Қалалық қоғамдық-саяси газет

ҰҚК Семейдегі есірткі зертханасын жойды

0 437

Семейде есірткі зертханасы анықталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері зертхана ұйымдастырған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды “Jambul-Taraz” ақпарат агенттігі ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

2022 жылғы 15 қаңтарда Семейде Ұлттық қауіпсіздік комитеті жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы «А» деген азаматты ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 5 келі «а-PVP» психотроптық заты, 50 келі синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлар және зертханалық жабдық алынған. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Айта кетейік, бұған дейін Алматы полициясы қызылордалықтан синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын тәркілегенін жазған едік. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол синтетикалық заттарды интернет арқылы көтерме саудамен сатып алып, Алматы қаласы мен Алматы облысында бөлшек саудада өткізген. Күдікті есірткі заттарын сатқаны үшін электронды аударымдар арқылы сыйақы алған.

Фото

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.