Қалалық қоғамдық-саяси газет

Адамдардың етін жеген: Қылмыскер кінәсін толық мойындады

0 1  144

21 қарашада Ленинград облысында жол апатына ұшыраған көліктің жүксалғышынан мәйіт табылған. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жексенбі күні Петербург маңындағы тас жолдардың бірінде Mitsubishi Galant жол апатына ұшыраған. Соққы әсерінен жүксалғыштан басы кесілген мәйт түсіп қалған.

Үш күдікті оқиға орнынан қашып кеткен, бірақ полицейлер оларды қамауға алды. Кейін олардың дөңгелек жөндеу орталығының иесі, 50 жастағы Аркадий Казинянның денесін әкетіп бара жатқаны анықталды.

Тергеу барысында күдіктілердің бірі бұған дейін де қылмыс жасағанын мойындады.

«Адам өлтірген ұнамайды. Бірақ мұның алдындағы адамды бекер өлтірдім. Дәмі ұнамады», – деп айтқан тергеу барысында Егор Комаров.

25 жастағы қылмыскер 2020 жылдың қыркүйегінде ер адамды пышақтап өлтіріп, тілін пісіріп жеген.

«Тілді суға салып ұзақ қайнаттым, бірақ маған ұнамады. Бәлкім, денесінің басқа бөлігі ұнауы да мүмкін еді», – деді күдікті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.