Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әйел – өмір шуағы

0 348

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Басқосуда сөз алған шаһар басшысы ардақты аналарды, аяулы аруларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін жолдады.

– Әйел – тіршіліктің тірегі, отбасының ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі, шаңырақтың шаттығы. Арқалы ақындар да «Әлемнің мәні – әйелде» деп бекер жырламаса керек. Себебі сіздер жер бетіндегі барлық мақтау мен марапатқа әбден лайықсыздар. Кешегі қиын-қыстау замандарда ер азаматтардың жігерін жанып, жүрегіне от берген де әйелдер болатын. Себебі әйел – тек бір отбасының ғана емес, тұтас ұлттың айнасы, елдің бейнесі. Сіздердің қоғамдағы орындарыңыз, ұрпақ тәрбиесі мен ел өміріндегі елеулі істерге үлестеріңіз орасан зор, – деген Бақытжан Әмірбек-ұлы мереке иелеріне арнайы сый-сияпаттар табыстады.
Келесі кезекте әйелдер қауымы атынан қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешова, белгілі ақын Үміт Битенова, көпбалалы ана, ұлағатты ұстаз Сапура Ержанова, кәсіпкер, «Goodmaker» ЖШС құрылтайшысы Амина Қайназарова, қол күрестен әлем чемпионы Сандуғаш Сейдіш сөз сөйлеп, қала әкіміне ризашылықтарын жеткізді.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.