Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімі ардагер журналист Баттал Жаңабайұлына құрмет көрсетті

0 418

Жамбыл облысының Құрметті азаматы, баспасөз ардагері, белгілі журналист Баттал Жаңабайұлының есімі жамбылдықтарға жақсы таныс. Оның қаламынан туған мақалалар ұлттың ұпайын еселеп, жұрттың жоғын түгендеді.

Облыстық «Aq jol» газетін басқарған жылдары басылымның таралымы ар-тып, оқырмандарының саны көбейді. Басылым бетінде өзекті мәселелерді көтерген мақалалар жарияланып, талай түйткілдің түйіні тарқатылды. Бұған Баттал Жаңабайұлының қосқан үлесі зор.
Бүгін абыз ақсақалдың туған күні. Қоғам қайраткерінің 94 жас туған күніне орай қала әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы құттықтап барды. Шаһар басшы- сы өз сөзінде Баттал Жаңабайұлы-ның Жамбыл журналистикасына сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, баспасөз ардагеріне зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі. Өз кезегінде абыз ақсақал шаһар басшысына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.