Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Jambyl-Taraz»-ға жауап берді

0 475

Редакциядан: Газетіміздің 30 қаңтар 2019 жылғы санындағы «Кірпіш зауыты» аймағынан түскен тұрғындар тілегін ескере жазған /№5 (1502)/ «Жол азабын жүрген біледі» атты мақалаға орай Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сәкен Жұманқұлов жауап берді.
«Бүгінгі күнде Тектұрмас, Кірпіш зауыты аймағынан (жаңа мектептен) Қант зауыты аймағы, Балуан Шолақ көшесі, Абай даңғылы (халыққа қызмет көрсету орталығы), қаламыздың теміржол ауруханасы аймағы, орталығы арқылы Ауыл Береке базарына дейін жаңа автобус бағытының қозғалыс сызбасы сызылып, бекітілді. Бағыт қызметін ағымдағы жылдың 11 ақпанынан бастайды.»

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.