Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өңірлік чемпионаттың үздіктері анықталды

0 118

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен, облыстық колледж студенттері мен түлектері арасында кәсіптік даярлау саласындағы әлемнің үздік тәжірибесін анықтау, жаңа оқу технологияларын енгізу, инновациялық процестерді ынталандыру, оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша үнемі әдістемелік көмек арқылы сарапшылық қауымдастықты дамыту, еңбек адамы дәрежесін және техникалық кәсіп мәртебесін арттыру мақсатында сәуір айының 12-15 күндері «WorldSkills Zhambyl-2023» өңірлік чемпионаты өткізілді. Бұл чемпионатқа Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері, 10 құзыреттілік бойынша қатысты. Атап айтар болсақ, «Пісіру технологиялары», «Электромонтаж», «Веб-технология», «Графикалық-дизайн», «Кузов жөндеу», «Жеңіл автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету», «Аспаздық ісі», «Киімді үлгілеу және дизайн», «Кірпіш қалау», «Зертханалық және химиялық сараптау» құзыреттіліктері бойынша.
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің қатысушылары байқауда басқа колледждерден келген қарсыластармен қатал бәсекелестік жағдайда өздерінің білімдері мен тәжірибесін көрсетті. Чемпионаттың нәтижесінде «Веб-технология» құзыреттілігі бойынша Алиев Руслан Рустамович – 1-орын, «Графикалық-дизайн» құзыреттілігі бойынша Орынбасар Альбина – 1-орын, «Кузов жөндеу» құзыреттілігі бойынша Тасу Рауан Мұратұлы – 1-орын, «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Жолдас Диас Ұланұлы – 2-орын, «Аспаздық ісі» құзыреттілігі бойынша Шабан Бекжан Сағынбекұлы – 3-орын, «Пісіру технологиялары» құзыреттілігі бойынша Ақылтай Мұқағали Орынбасарұлы – 2-орын, «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша Сартай Ерасыл Бахытұлы – 3-орын, «Зертханалық және химиялық сараптау» құзыреттіліктері бойынша Сүлейменова Ұлдана Серікбай-қызы – 1-орын, Егемберді Нұрбек Нұрланұлы – 2-орын, «Кірпіш қалау» құзыреттіліктері бойынша Байбол Мұстафа 1-орын марапатталды. «WorldSkills Zhambyl-2023» өңірлік чемпионатының жеңімпаздары маусым айында Астана қаласында өтетін республикалық «WorldSkills Kazakhstan-2023» кәсіби шеберлік чемпионатына жолдама алып, дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұл чемпионат – маман даярлаудың инновациялық үлгісі мен озық тәжірибесін көрсететін білім сайысы.

Тұрлыхан Оразбаев,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі директорының
оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.