Қалалық қоғамдық-саяси газет

Хэллоуин: Джокер киіміндегі жігіт 17 адамды пышақтап тастады (видео)

0 336

Жапония астанасындағы метро пойызында сайқымазақ боп киініп алған жігіт бірнеше адамды пышақтап, пойызға от қойды. Жанталаса қашқан адамдардың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Оқиға кешкі сағат 20:00 шамасында Токио метросының Кокурё стансасында болған, деп мәлімдейді ВВС агенттігі.

Біз оны Хэллоуин қойылымын жасап жүр екен деп ойладық. Джокер киіміндегі жігіт әуелі пойыз ішіне белгісіз сұйықтық шашты. Сосын ұзын пышағын суырып алып, жолында кездескендерді кескілей бастады,

—дейді қалалық Йомури газетінің тілшісі.

Полиция үш адамның ауыр жараланғанын айтуда. Егде жастағы қария оқиға орнында есінен танып қалған.

Токио полициясы 17 адамды жарақаттаған 20 жасар жігітті тұтқынға алды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.