Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Халық қорқып қалған»: Қазақстандық кәсіпкерлер неліктен мобильді аударымдардан бас тартуда?

0 227

Қазақстанда кәсіпкерлер мобильдік аударымдарға салынатын салыққа наразылықтарын білдіруде. Олар халықтан тауарлар мен қызметтер үшін төлемнің бұл түрінен жаппай бас тарта бастады. Сатушылар мен такси жүргізушілері қазақстандықтардан өздерімен бірге қағаз ақша алып жүріп, сол арқылы төлеуді сұрайды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Желтоқсанның 1-нен бастап кассалардағы телефон нөмірлері жазылған әдеттегі тақтайшалар «мұнда енді аударымдар қабылданбайды» деген жазбалармен ауыстырыла бастаған еді. Сатушылар Салық кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты қазынаға көбірек ақша төлеуге мәжбүр боламыз деп сескенеді.

Алайда кәсіпкерлер бекерге дүрбелеңге салынуда. Себебі президент бұл түзетулерге әлі қол қойған жоқ. Тіпті қол қойғанның өзінде құжат келесі жылда бірақ күшіне енеді.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер қазірдің өзінде 2023 жылға дейін салық төлеуден босатылған. Яғни, олар үшін ешнәрсе өзгере қоймайды. Ал жеке тұлғалардың аударымдары туралы ақпарат 2025 жылға дейін, жалпыға бірдей табыс декларациясы енгізілмейінше, салық органдарына мүлдем берілмейтіні айтылды.

Экономистердің айтуынша, мұндай жағдайда цифрлық технологиялардан бас тартудың қажеті жоқ.

«Бұл әлемдік үрдіс. Меніңше Австралия екі-үш жылдан кейін қолма-қол ақшаны мүлдем шығармайды. Олардың барлығы цифрлық ақшаға ауысады. Кәсіпкерлердің: «Қолма-қол ақшаны алмаймыз» дегендері билікті немесе салық органдарын бопсалау. Дүние жүзінде адамдардың 10-20-30 пайызы салық төлейді, сондықтан кәсіпкер ақша тапқандықтан 2-3 пайыз төлеуге тиісті», – дейді экономист Сапарбай Жұбаев.

Сенаттың мобильді төлемдер туралы заң жобасын қолдағаны туралы хабар елді дүр сілкіндірді. Тіпті абсурдтық деңгейге жетті, адамдар жақындарына ақша аударудан немесе біреудің аударымдарын алудан қорқатын болды.

«Кейде 500 теңге майда ақша болмай қалады. Мен клиенттерге: «аударым жасайын» десем, олар «қажет емес, қолма-қол бер» деп алмайды. Кейбір адамдар қазірдің өзінде салықтардан қорқып қалған. Олар қолма-қол ақша алу үшін аударымдарды қабылдағысы келмейді», – дейді сатушы Вадим Кайсударов.

Әсіресе ресми тіркелмеген такси жүргізушілері қолма-қол ақшаны талап етуде. Олар жасанды интеллект әртүрлі көздерден тұрақты түрде ақша алатындарды жылдам анықтап алады және салық төлеуден жалтарды деп күдіктенеді деп сескенеді. Такси жүргізушілері онсыз да аз табысының бір бөлігін жоғалтқылары келмейді. Сондықтан олар заң қабылданбай тұрып-ақ банкноттар мен монеталарға көшуді ұйғарған. Ресми такси компаниялары болса мобильді аударымдарды реттеуде мүлде проблемаларды көріп отырған жоқ.

«Мұндағы мәселе жүргізушілерде майда ақша болмауынан туындайды. Қазір әрбір таксидің өз қолдану бағдарламасы бар», – дейді БҚО такси қызметі қауымдастығының президенті Олег Эльберг.

Экономист Айдар Әлібаев халықтың дүрлігуіне заң шығарушылардың өздері кінәлі екеніне сенімді. Айтуынша, инновациялар төңірегінде олқылықтар мен түсініксіз ұғымдар тым көп.

«Заңды қабылдамас бұрын алдымен ойланып, тексеріп, сынап көріп бизнес құрылымдарының өкілдерін жинап, оның қалай жақсы болатынын ақылдасу қажет. Тек содан кейін ғана халыққа ұсынған дұрыс. Ал олар, әдеттегідей, халықты алдымен қорқытып, жұртты дүрліктіргеннен кейін осындай тәртіпсіздіктер орын алды», – деп түсіндіреді экономист.

Қаржы министрлігі өз кезегінде ешқандай алып қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырады.

«Бұл шындыққа жанаспайды және дұрыс емес. Себебі жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылатын мобильді аударымдар, мысалы үшін P2P аударымдары біз үшін тазартылған болып саналады. Ал халықтың аудармаларына ешқандай салық салынбайды», – дейді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Әдістеме департаментінің директоры Әлия Жетібаева.

Банктік құпияны да ешкім жойған жоқ екенін айта кеткен жөн. Елде кірістер туралы декларация енгізілген кезде ғана банктер халық шотында қанша ақша бар екендігі туралы ақпаратты салық басқармасына жібереді. Ал жеке кәсіпкер мәртебесі жоқ қарапайым азаматтар төрт жылдан кейін ғана зардабын көреді. 2024 жылы кезек жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға келеді. Ал тек 2025 жылы ғана әркім кірісін декларациялауға міндетті болады.

Дау туғызған заң жобасы Мәжіліс пен Сенатта мақұлданды. Енді оған президенттің қол қоюы ғана қалды. Егер мемлекет басшысы қол қойса, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап «мобильді төлем» түсінігі заңдастырылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.