Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Grand bazaar» сауда кешенінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Жәрмеңке сөрелеріне Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері шығарылған.
Жәрмеңкеде жалпы құны 23,1 млн. теңгені құрайтын 35,5 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Оның ішінде 7,5 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,0 тонна шұжық өнімдері, 3,7 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 2,4 тонна макарон өнімдері, 2,6 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 12,2 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Жәрмеңкеге келіңіздер! Тиімді бағада жергілікті өнімдер бар.
Алдыңғы