Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әлихан Смайылов: Жұмыс орындары қазір қажет

0 2  029
Премьер-министр Әлихан Смайылов инвестиция тартудағы кемшіліктері үшін мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмысын сынға алды деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпараттық агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Инвестициялық штаб отырыс өтіп, жиналғандарды сынға алды.

«Бізге жоспардың келесі жылы емес, биыл орындалғаны қажет. Егер инвестициялар биыл тартылатын болса, онда біз нәтижесін келесі жылы көреміз. Ал, мәселе келер жылы шешілсе, жоба тек 2 жылдан кейін ғана нәтиже береді. Оны күтіп отыратын уақыт жоқ. Нәтижені халық қазір көруі тиіс. Жұмыс орындары қазір керек».Әлихан Смайылов.

Ол кейбір инфрақұрылымдық аяқталмауына байланысты жалпы құны 11 млрд теңге болатын қара мыс концентраттарын гидрометаллургиялық өңдеу зауытын іске қосу кешіктіріліп жатқанын айтты. Бұл өз кезегінде аймақтың экономикалық дамуына кедергі келтіріп отыр.

«Бұл мәселе осыдан 2-3 жыл бұрын белгілі болды. Берік Әбдіғалиұлы (Ұлытау облысының әкімі), бұл басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жатса да, сіздің тарапыңыздан тиісті үйлестіру жұмыстары жүргізілуі керек еді. Инвестициялық штабтың әрбір отырысында инвестициялар тарту жұмыстарын күшейту туралы айтып келеміз. Алайда, жұмыс қарқыны өте баяу. Жоспарланған жобаларды іске асыру бойынша нақты нәтиже жоқ. Сіздің тарапыңыздан белсенді іс-қимыл көрінбейді. Жұмысқа деген көзқарасыңызды дұрыстаңыз, адамдарды нақты проблемаларды шешуге ұйымдастырыңыз», — деді премьер-министр.

Премьер-министр Алматыда да бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру тоқтап қалғанын, жалпы, биыл жоспар орындалмай, қаланың нақты экономикасына 200 млрд теңгеден астам қаржы салынбағанын атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.