Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айыппұл арқалаған абырой емес

0 400

Күн өткен сайын құлпырып келе жатқан көне шаһар – Тараздың әсемдігі тазалыққа тікелей байланысты. Тазалық — мәдениеттің берік өлшемі. Алайда, айналасына немқұрайлы қарап, кез келген жерге қоқыс тастап кететін тұрғындар қаламызда жетерлік.

Шаһар аумағында биылғы жылдың 1 мамырынан бастап құрылыс қалдықтарын және стихиялық қоқыс орындарын тазалау мақсатында кешенді жұмыс басталған болатын.
Қала әкімдігінің аумақтық бас инспекторлары мен учаскелік полиция қызметкерлері қала ішінде жеке және заңды тұлғалардың күл-қоқыс пен құрылыс қалдықтарды белгіленбеген орынға төгудің алдын алу, анықтау бойынша күнделікті жұмыстар жүргізуде.

Нәтижесінде, төрт айда (мамыр, маусым, шілде) 807 кемшілік анықталып, 805 тұрғынға ескерту берілсе, 28 адамға айыппұл салынған. Ал, қыркүйек айының он бесіне дейін 79 кемшілік анықталып, оның ішінде 76 тұрғынға ескерту берілді. Сонымен қатар 2 тұрғынға айыппұл салынды.

Жалпы, тазалықты сақтамаған тұрғындарға салынатын айыппұл мөлшері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңгені құрайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.