Қалалық қоғамдық-саяси газет

Гена – біз үшін чемпион!

0 336

Күні кеше Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena» кешенінде дүйім жұрт көз тіккен төрт салмақ дәрежесін бағындырған, супер орта салмақтағы чемпион Сауль «Канело» Альварес пен қазақ боксын ғаламдық аренаға көтерген отандасымыз Геннадий Головкин (GGG) арасындағы жекпе-жек өтті.

Екі боксшы бұған дейін екі рет кездесіп, біріншісінде тең есеп тіркелсе, екіншісінде Альварес төрешілер шешімімен жеңген болатын. Головкин мен Канело осымен үшінші рет қолғап түйістіріп, тарихи трилогия жасады.
Қазақстандық пен мексикалық боксшылар арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылды. Өкінішке қарай, тартысты бәсекеде төрешілер шешімімен отандасымыз Геннадий Головкин қарсыласына есе жіберді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.