Қалалық қоғамдық-саяси газет

Газдалған сусындардың зияны

0 2  808

Адам өмірлік процестерді жүзеге асыру үшін көп сұйықтықты тұтыну керек. Көбісі ауыз суды немесе минералды суды тұтынбай, газдалған тәтті сусындарды ішеді.

Газдалған сусындар біздің өмірімізге еніп, тіпті барлық жерде сататын және жарнамалайтындықтан көптеген адамдар оларсыз өмірін елестете алмайды. Мысалы: горилла, кола, дизи секілді газдалған сусындарды екенін бірі ішеді. Тіпті күніне 3-4 рет қайталап ішетіндер бар. Олда тәуелділіктің бір түрі.

Тәтті газдалған сусындардың құрамына: қант және қант алмастырғыштар сияқты компоненттер кіреді. Қант – жылдам тұтынылатын көмірсулар қатарына жатады. Мұндай сусынның бір стаканында шамамен бес қасық таза қант бар. Ол артық майға айналып, жамбас пен асқазанға сіңеді.

Газдалған сусындарды жиі қолданған кезде: боркемік, сүйектің сынғыштығы. Тісжегі, тіс эмалінің бұзылуы, тістердің түсуі де орын алады. Бүйрек тастарының пайда болуы. Артық салмақ, семіздік, панникулит. Қант диабеті. Әлсіздік, ұйқышылдық, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі. Альцгеймер ауруы. Ағзаның сусыздануы. Қан қысымының жоғарылауы сияқты аурулар дамуы мүмкін.

Газдалған сусын несімен қауіпті?

– құрамында қант пен қышқылы бар тәтті газдалған сусындар тіс эмалін бұзады.

– тәтті газдалған сусындардардың құрамында фосфор қышқылының тұздары бар. Тәтті газдалған сусындарды жиі қолданған кезде фосфордың артық мөлшері маңызды минералды зат – кальцийдің сіңуіне теріс әсер етеді. Кальций – сүйек тығыздығына жауап береді. Газдалған сусындарды үнемі пайдаланған кезде сүйектердің сынғыштығының жоғарылауына және жарақат алу қаупін арттыруы мүмкін.

– тәтті газдалған сусындарды үнемі тұтыну – қанттың көп болуына байланысты семіздік пен қант диабетінің дамуының негізгі себебі.

– газдалған сусындардың құрамында көмірқышқыл газы бар болғандықтан өте қауіпті болып келеді. Көмірқышқыл газы қанға еніп, қант деңгейін күрт көтеруі мүмкін. Бұл инсулинге төзімділіктің пайда болуына әкелуі мүмкін, яғни дененің инсулинді қабылдауға төзімділігі артады.

Газдалған сусындардан келетін зиянды қалай азайтуға болады

– газдалған сусындарды тұтынуды біртіндеп азайтыңыз. Тәтті газдалған сусынды табиғи минералды сумен араластыруға болады, осылайша тұтынылатын қант мөлшері азаяды;

– егер тәтті газдалған сусындардан бас тарту мүмкін болмаса, онда Сіз қантты тұтынудың тәуліктік мөлшерін бақылауға алып, 25 грамнан асырмай тұтыну қажет.

Адам күніне 1, 1.5л су ішкені дұрыс. Судын пайдасы:салмақ тастауға көмектеседі, қысымды реттейді, аллергияны бақылайды, буындарға ауырсынуды жеңілдетеді.

Амина Амантай,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Web-журналистика» мамандығының 3-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.