Қалалық қоғамдық-саяси газет

Гүлдана Жауынбекова жаңа қызметке тағайындалды

0 237

Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Жауынбекова Гүлдана Әлімжанқызы облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Гүлдана Әлімжанқызы 1976 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданында туған.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «инфрақұрылымдағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Байзақ ауданы әкімінің білім басқармасының есепшісі болып бастаған.

Әр жылдары Байзақ ауданы әкімінің білім басқармасының экономисі;
облыс әкімдігінің білім басқармасының бас маманы, орталықтандырылған бухгалтериясының экономисі,
білім беру департаментінің  бөлім бастығы, мәдениет басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, білім басқармасының бөлім бастығы, басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 жылғы қазан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.