Қалалық қоғамдық-саяси газет

Абаттанған аулалар қала көркін ашады

0 323

Аулаларды абаттандыру айрықша маңызға ие. Бұл, бір жағынан, шаһардың шырайын кіргізсе, екіншіден, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне таптырмас мүмкіндік. Бүгінде бұл бағытта шаһарда ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Айталық, қазіргі таңда қаладағы 18 жерге балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары бойынша мердігер анықталған. Бұл істі өз жүргізуді өз жауапкершілігіне алған «Проект и К» ЖШС бүгінде 7 нысанда тиісті жұмыстарды бастап та кеткен.
Нақтырақ тоқталсақ, бүгінгі күні Қазыбек би көшесі №142, «Ақбұлақ» ықшамауданы №7, «Мыңбұлақ» ықшамауданы №46, «Жансая» ықшамауданы №23, Ә.Сатыбалдиев №40, 42, Қ.Сәтбаев көшесі №1, Ы.Сүлейменов көшесі №8 үйлердің аулаларында балалар ойын алаңшасының құрылысы жүргізілуде.
Еске сала кетсек, былтыр шаһарда 26 аулаға балалар ойын алаңшасы салынса, биыл 25 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.