Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ертең Таразда көктемгі тазалық екі айлығы басталады

0 392
Қала әкімі Бақытжан Орынбековтің Қаулысымен көне шаһарда санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жұмыстары басталады. 1 наурызда басталған жұмыстар 1 мамырға дейін жалғасады.
Екі айлық барысында аумақтарды тазалау жұмыстары, тал отырғызу, гүл егу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, жолдар мен аялдамалар, кіші сәулет туындылары мен кәсіпкерлік нысан маңдары қалыпқа келтіріледі
Құрметті тараздықтар!
Шаһардың шырайы – тазалық пен жасыл желек. Қала тазалығын, қоршаған орта тазалығын сақтау – әрбір тұрғынның міндеті. Сондықтан баршаңызды тазалық айлығына белсене қатысуға шақырамыз. Сүйікті қаламызды бірге көркейтейік!
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.