Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ертең Мәжіліс отырысында қандай мәселелердің қаралатыны белгілі болды

0 1  944

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтті, деп хабарлады Парламенттің төменгі палатасы.

Отырыста ертең өтетін жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялау ұсынылады.

Сондай-ақ Палата комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алады: Салық кодексі, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске түзетулер, жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеуге беруге қатысты өзгерістер, сондай-ақ бірқатар халықаралық құжат.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.