Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ер адам бастығының 33 мың долларын «ставкаға» тігіп жіберген

0 705

Ер адам бастығының 33 мың долларын бәске қойып, ұтылып қалды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Өзбекстанның Ташкент облысында ер адам бас-аяғы 33 мың АҚШ долларын бәске қойып, ұтылып қалған. Қолда бар ақпарат бойынша, Шыршық қаласының тұрғыны өзінің бастығына кәсіп бастауды ұсынған. Ол басшысына ауыл шаруашылығына арналған минералды тыңайтқыштарды сату арқылы қыруар пайда табуға уәде берген.

Осылайша, 33 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаржы алған «кәсіпкер» аталған сомманың барлығын бәске тігіп жіберген. Өкінішіне орай, тіккен бәсінде жолы болғмаған ер адам ендігі кезекте заң алдында жауап бермек.

Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.