Городская общественно-политическая газета

Екпе алғаның – індетті жеңгенің

0 426

Әлем елдерін жаулап келе жатқан індеттен құтылудың жалғыз жолы екпе алу болып отыр.
Вакцина жайлы медицина саласының жілігін шағып, майын ішкен ғалымдар да өздерінің оң пікірлерін ортаға салуда.
Ауру айтып келмейді. Дегенменде, қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, екпе алып аурудан барынша сақтанған абзал.
Эпидемиологиялық жағдай бойынша короновирустық инфекцияның өршуінің кезеңі жүруде.
Індеттің өршуіне байланысты кейбір өңірлер қызыл аймаққа өтіп жатыр. Көптеген науқастарды басқа клиникалық белгілері бар бола тұра тапсырған ПТР тесттері оң болып, ауруханаларға түсіп жатыр.
Вакцинация қоғамдық имунитетті қалыптастырудың бір-бірден жолы.
Екпе алу арқылы адам ағзасы вирустық, инфекциялық аурулармен күресуге мүмкіндік алады.
Халық уақытымен вакциация алып, қоғамдық орындарда санитарлық эпидемилогиялық нормаларды сақтайтын болса, індеттің жұғуы бәсеңдеп, денсаулық сақтау саласы мамандарының жүгі жеңілдейтін еді.

Гүлнұр Алтынбекова,

Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.