Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дулати студенттері – Назарбаев қоры шәкіртақысының иегерлері

0 371

Нұрсұлтан Назарбаев қоры республикалық студенттік стипендиялар байқауын қорытындылады. Озық студенттер қатарында Дулати университетінің 4 студенті бар.

Атап айтсақ, «Жалпы биология» мамандығының 3-курс студенті Захра Байрамова, «Сән дизайны» мамандығының 4-курс студенті Шырайлым Бектұрғанова, «Архитектура» мамандығының 5-курс студенті Данил Люфт және «Қолданбалы математика және статистика» мамандығының 4-курс студенті Назгүл Мамыралы байқаудың жүлдегерлері атанды. Енді олар жыл бойына президенттік шәкіртақы алады.
Нұрсұлтан Назарбаев қорының негізгі мақсаты – белсенді, дарынды жастарды анықтау және талапты жастардың ғылыми, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарын қолдау. Байқауға еліміздің барлық жоғары оқу орындарынан 299 студент қатысты. Жеңімпаз студенттерді марапаттау салтанаты желтоқсан айында Алматы қаласында өтеді. Студенттерімізді білім жолындағы жеңісімен құттықтаймыз! Дулати университеті сіздерді мақтан тұтады!

Гүлбақыт Берікқызы,
журналист

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.