Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дональд Трамп және оның отбасы алаяқтық жасады деп айыпталды

0 2  199

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп және оның үш баласына қатысты Нью-Йорктің бас прокуратурасы алаяқтық бойынша іс қозғады, деп хабарлайды Экспресс К.

BBC басылымының жазуынша, Дональд Трамп 2011-2021 жылдар аралығында көптеген алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін айыпталып отыр. Нью-Йорктің бас прокуроры Летитиа Джеймс Трамп пен оның балаларының осы қаладағы кез келген компанияда жауапты қызметкер немесе директор лауазымдарын атқаруына тыйым салуды талап етті.

 

Сондай-ақ ол баспасөз мәслихатында Трамп және оның балалары заңсыз байыды және өз капиталын миллиардтаған долларға көбейтті деп мәлімдеді. Ал экс-президент өзіне және отбасына тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр. Қазір бұл іс федералдық прокурорлар мен АҚШ-тың Ішкі кірістер қызметіне жолданды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.