Қалалық қоғамдық-саяси газет

TARAZ CUP-2022: БАҚ өкілдерінің доп додасы өтеді

0 405

Алдағы 25-26 қыркүйек күндері Тараз қаласының туған күніне орай БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан Taraz Cup-2022 ашық турнирі өтеді.

Тараз қалалық әкімдігі мен Жамбыл облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен өтетін спорттық сайысқа еліміздің түрлі аймағынан 12 команда қатысуға ниет білдірген.

Олар Астана қаласынан «Хабар» агенттігі, «Экспресс К» порталы, «Атырау ақпарат», «Шығыс ақпарат», Қызылорда, Шымкент, Алматы өңірлерінің журналистер құрамасы, «Қазмедиа орталығы» ұжымы, Жетісу аймағының «Qareket» құрамасы, «TÙRKISTAN TV» мен «JAMBYL TV» телеарналары, сондай-ақ «TARAZ PRESS» командалары.

«Тараз» футбол клубының базасы маңында орналасқан «Жастар» стадионында болатын бәсеке екі күнге созылмақ. Алғашқы күні топтық кезең ойындары өтсе, келесі күні плей офф кездесулері болмақ.
Жүлде қоры да қомақты. Чемпион командаға 1 млн теңке көлемінде сыйақы беріледі. Екінші-үшінші орын еншілеген ұжымдарға тиісінше 500-300 мың теңге табысталады. Турнирдің үздік өнер көрсеткен бес ойыншысына да арнайы қаржылай сыйақы тағайындалған.

Қала тұрғындары ойындарды Рысбек батыр №1 мекен-жайы бойынша орналасқан «Жастар» стадионына келіп тамашалай алады.

Турнирдің жеребе тарту рәсімі 24 қыркүйек күні сағат 18:00-ге жоспарланған. Өтетін орны – «Тараз» ФК базасы (жоғарыда көрсетілген мекен жай). Ал ашылу салтанаты 25 қыркүйек күні 10:00-де. Плей офф кезеңі 26 қыркүйекте сағат 10:00-де басталады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.