Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ресей мен Қазақстан шекарасында ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды

0 138

Ресейлік «Бугристое» шекара бекетіндегі бірнеше шақырымдық көлік кептелісінің видеосы Экспресс К редакциясына Newscorr сервисі арқылы келіп түсті.

Видеодан Ресейдің Челябі облысындағы «Бугристое» және Қазақстанның Қостанай облысындағы «Қайрақ» бақылау-өткізу бекеттерінде қаңтарылып тұрған жүк көліктері тізбегінің бірнеше шақырымға созылғанын көруге болады.

Бейнежазба авторының айтуынша, жүк көліктерінің мұндай кептелісі 2022 жылдың наурыз айынан бері үнемі болып тұрады екен. Себебі ресейліктер Қазақстанның шекаралас қалаларынан жаппай тауар сатып алып кететін көрінеді. Ал бүгін, куәгерлердің мәлімдеуінше, Ресейде жартылай мобилизациялау жарияланған соң жүк тасығыш машиналар қатарына көптеген жеңіл көлік қосылған.

 

 

Ресейлік БАҚ бұл кептелісті «маусымдық құбылыс» деп отыр. Мәселен, Челябі облысының шекара басқармасына сілтеме берген басылымдардың бірі: «Өткен демалыс күндері «Бугристое» бекетінен 2 514 жүк көлігі өткен. Бұл белгіленген межеден үш есе артық» деп жазған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.