Қалалық қоғамдық-саяси газет

Директорларды тағайындауда жемқорлық жоқ па

0 238

Бұл сұраққа Астана қаласы Білім басқармасы басшысы Қасымхан Сенғазыев жауап берді, деп хабарлайды «JAMBYL-TARAZ» ақпараттық агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Басқарма басшысы «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өткен тамыз кеңесінің кулуарында журналистердің сұрағына жауап берді.

Журналистің айтуынша, №70 мектеп директорының барлық орынбасары қазіргі күні директор лауазымына тағайындалған. Білім басқармасы басшысы Қасымхан Сенғазыев осы мәселені түсіндіріп берді.

Оның сөзінше, директорлардың конкурсы Оқу-ағарту министрлігінің білім беру ұйымдарына директорларды тағайындау туралы №57 бұйрығына сәйкес жүргізіліп жатыр.

Біліктілік талаптары бар. Осы талаптан өткеннен кейін 12-13 адамнан құралған конкурс комиссиясы директорды таңдайды. Жемқорлық фактілері жоқ. Бізде бір мектеп директорының орнына 7-8 адамнан келіп жатыр. Былтырдан бері директордың орынбасарлары мектеп директоры атанды, – деді басқарма басшысы.

Сенғазыев министрлік әзірлеген «1000 көшбасшы» бағдарламасына директордың 20 орынбасары қатысатынын айтты.

Сонымен қатар былтыр мектеп директорларының 30 орынбасары конкурстық негізде іріктеліп, кадр резерві қалыптастырылған.

Еске салсақ, елордада «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өтіп жатқан тамыз кеңесі өтіп жатыр. Сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова оқу жылының ұзақтығы 25 мамырға қайта ауысатынын мәлімдеген еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.