Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Денсаулық саябағы»

0 469

Жылдан-жылға құлпырып келе жатқан Таразда көрсе көз тоймайтын нысандар жетерлік. Солардың бірегейі – «Таразға тарту» жобасы аясында ашылған «Денсаулық саябағы». «Қарасу» шағын ауданында бой көтерген нысан бүгінде шаһар тұрғындарының серуендеп, демалатын орнына айналған. Аумағы 5 гектар жерді алып жатқан саябақта мыңнан астам көшет, раушан гүлдер отырғызылған. Сондай-ақ субұрқақтар мен кішкентай сәулетті мүсіндер де өзгеше сән беріп, шырайын кіргізіп тұр. Бұл жерде дене шынықтырумен белсенді түрде айналысуға және балалардың ойнауына да барлық мүмкіндіктер жасалған. Үстел теннисі, street workout, футбол, баскетбол және балалар алаңшасы да тұрғындарға әрдайым қолжетімді.

Құрбанәлі Шахабай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.