Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда қанша үй кондоминиумге тіркелмеген?

0 82

Көп қабатты тұрғын үй кондоминиум обьектісіне қатысушылар, аталған үйді тиесілі жер учаскісімен кондоминиум обьектісі ретінде Әділет басқармасында тіркеуге тұрғындардың келісім парағы болуы қажет.

Осыған орай, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес үй-жайлардың (пәтерлердің) екі және одан да көп меншік иелеріне тиесілі тұрғын үйлерде кондоминиум құрылады. Осы Заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес кондаминимум обьектісі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біртұтас кешен ретінде тіркелуге тиіс. Сондай-ақ осы баптың 2-2 тармағына сәйкес кондоминиумды бастапқы тіркеген кезде кондоминиум обьектісіне техникалық паспорт және мемлекетті акт дайындау бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша тұрғын үй қорына қайта түгендеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Тараз қаласының тұрғын үй қорында 1380 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде 151 барак типтес үйлер және 37 коммуналдық тұрғын үйлер (151 – бір қабатты барак типтес тұрғын үйлер, 1229 – екі және одан жоғары үйлер).
Кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасында 1034 көппәтерлі тұрғын үй тіркелген немесе 87,2 пайыз (барак типтес үйлерді қоспағанда).
Бүгінгі күнге жалпы 166 тұрғын үйлерді кондоминиум объектісі ретінде әділет басқармасында тіркеуді қажет етеді. Қазіргі таңда 33 көппәтерлі үйдің құжаттары кондоминиум нысаны ретінде тіркеу үшін әзірленуде.

Ғазиз ЕРАЛИЕВ,
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.