Қалалық қоғамдық-саяси газет

Чемпиондар лигасының үздік ойыншыларынан жасақталған құрам белгілі болды

0 438

Футболдан Чемпиондар лигасының финалында «Манчестер Сити» миландық «Интерді» ұтып, чемпион атанған еді. Осыдан кейін WhoScored нұсқасы бойынша турнирдің үздік ойыншыларынан жасақталған құрам белгілі болды.

Жылдың үздік құрамы төмендегідей:

Қақпашы: Андре Онана («Интер»).

Қорғаушылар: Алекс Гримальдо («Бенфика»), Ким Мин Чжэ («Наполи»), Рубен Диаш («Манчестер Сити»), Джованни Ди Лоренцо («Наполи»).

Жартылай қорғаушылар: Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Йозуа Киммих («Бавария»), Федерико Вальверде («Реал Мадрид»).

Шабуылшылар: Винисиус Жуниор («Реал Мадрид»), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Жоау Мариу («Бенфика»).

Айта кетейік, биыл Чемпиондар лигасының финалы Түркияның Стамбул қаласында өтті. «Манчестер Сити» мен «Интер» арасындағы ойында ағылшындық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.