Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бурабайда 19 жастағы жігіт таудан құлап, ауруханаға түсті

0 227

Бурабайда 19 жастағы астаналық таудан құлап, аяғын сындырып алды деп хабарлады turkystan.kz.  

Оқыс оқиға бүгін сағат 16:47 шамасында «Туфелька» тауында болған.

«Тауға көтерілмекші болған Нұр-Сұлтан қаласының 19 жастағы тұрғыны 20 метр биіктіктен құлап кетті. Салдарынан жігіттің аяғы сынып, түрлі дене жарақатын алды. Оған құтқару бекеті басшысының міндетін атқарушы Максим Пономарев бастаған құтқарушылар – Александр Попов, Әлібек Айтжанов, Евгений Ляхов көмекке келді. Құтқарушылар зардап шеккен азаматты зембіл арқылы тау етегінде тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізді», – деді ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері демалушыларға таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.