Қалалық қоғамдық-саяси газет

ҚБТУ өз-өзіне қол жұмсаған студентке қатысты пікір білдірді

0 310

Қазақстан-Британ техникалық университетінің 1 курс студенті өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Қайғылы оқиға туралы оқу орны әлеуметтік желіде хабарлады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз студентіміз Сергей Лидің қайғылы қазасы туралы өкінішті хабар алдық. Студенттің отбасы мен туған-туыстарының, достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сергей өте жарқын және ақкөңіл адам болды», – делінген ресми хабарламада.

Университет өз тарапынан марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайын анықтап жатыр», – дейді университет қызметкерлері.

Ал әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған студент ақпараттық технологиялар факультетінің бірінші курсында оқыған. Оны екі пән бойынша сынақ тапсыра алмады. Студент өз-өзіне қол салғаны хабарланды.

Алматы қалалық полиция департаменті де қайғылы оқиғаны растады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.