Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бизнестің жол картасы» қалай жүзеге асуда?

0 430

Елімізде,   облыста «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша  жыл сайын кәсіпкерлерге 2 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беріліп жатыр. Бизнесті қолдау мақсатында ісін, кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде ұсынылатын қаржыны ұтымды үлестіру бойынша Талас ауданында ауыз толтырып айтарлық жұмыстар жүруде. Нәтижесінде:

  1. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында субцидия тетігі бойынша 2022 жылы 5 айда Қаратау қаласы бойынша 35,0 млн. теңгенің 3 жобасына қолдау көрсетілді.
  2. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылым тарту тетігі бойынша «Дулат» ШҚ 34,2 млн тенгеге құжаттарын рәсімдеп, кәсіпкерлік басқармасына тапсырылды.
  3. «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша Қаратау қаласында 1 жоба 2,5 млн. теңгеге кепілдік берілді.
  4. Бастауыш кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының қаражатты бөлуіне сәйкес жұмыстар жасалады.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Каратау ПРО» ЖШС-і зауыттың шығаратын өнім көлемінің қуаттылығын арттыру мақсатында екінші деңгейдегі банк арқылы 1085,0 млн тенгеге несиеге оң шешімін алды.

1) «Әулие-ата НС» ЖШС-нен несие алу үшін 193,875 млн. теңгеге 16 жоба құжаттарын өткізген.

2022 жылдың 1 маусымына «Агробизнес» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығы мақсатында несие алуға өтінім білдірген ішінен 61,225 млн. теңгеге 5 жоба оң шешім алған.

Аудан бойынша бағдарламаның орындалуы:

– Аққұм ауылдық округінен 3,4 млн. тг. 1 жоба, ЖК «Қожа» 68 бас МІҚ;

– Қаратау ауылдық округінен 3,6 млн. тг. 1 жоба, «Дәурен» ШҚ 8 бас жылқы;

– Бостандық ауылдық округінен 30,65 млн. теңгеге 2 жоба, «Бірлесу» ШҚ 15,150 млн тенгеге 303 бас МІҚ және «Жандарбек» ШҚ 15,5 млн теңгеге 18 бас жылқы, 148 бас МІҚ;

– Ойық ауылдық округінен 23,575 млн. теңгеге 1 жоба, «Ерзат» ШҚ 23,575 тенгеге 22 бас жылқы, трактор сатып алынған.

2)  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы іске асырылатын «Агробизнес»бағдарламалар бойынша 198,0 млн. теңгеге 12 жоба оң шешім алған.  Оның ішінде несие қаражатын алғандар 144,0 млн тенгеге 10 жоба.

Атап айтқанда: Қаратау қаласынан 3 жоба 28,7 млн тенге,

Ауылдық округтерден 7 жоба 115,3 млн. тенге.

Сондай-ақ, аудан кәсіпкерлері микроқаржылық ұйымының «Агротехника» бағдарламалары арқылы да жобаларын іске асырады.

3) 2022 жылдың 1 маусымына «Казагролизинг» АҚ, 105,0 млн. теңге құрайтын 7 жоба оң шешім алған. Оң шешім алған несие қаражатының есебінен жобалардың иелерімен барлығы 21,0 млн тенгеге 3 дана техника (Трактор, шөп жинағыш пен орағы, пресподборчик) сатып алынған.

 Аудан бойынша бағдарламаның орындалуы:

– Бостандық ауылдық округінен 3,6 млн. теңгеге 1 жоба;

– Қызыләуіт ауылдық округінен 17,4 млн. теңгеге 2 жоба.

Мақұлданған жобалар Ақкөл, Майтөбе және Қасқұбұлақ ауылынан 2 жоба.

 4) «Тараз» әлеуметтік-әріптестік корпорациясы» АҚ арқылы іске асырылуға ұсынылған жобалар:

– Қаратау  қаласынан макарон цехын соғу. Жоба құны – 22,0 млн. тг., жоба ұсынушы ЖК «Айару».

– Қаратау қаласында сүт цехын соғу. Жоба құны – 39,0 млн. тг., жоба ұсынушы «Талас 2021» ЖШС.

–  Қаратау қаласында қымыз парашогын цехын соғу. Жоба құны – 25,0 млн. тг., жоба ұсынушы «Құлтай Ата» ШҚ.

5) 2022 жылдың 1 қаңтарына кәсіпкерлерді қолдау мен ынталандыру және олардың ақпараттық қамтылуына ықпал ету мақсатында, жыл басында іс-шаралар жоспары әзірленіп, салалық орынбасармен бекітілген. А.ж. қаңтар-мамыр айларында 13 ауылдық округте мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды насихаттау, бағдарламалардың тетіктерін, шарттарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2022 жылдың сәуір айында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директорының және екінші деңгейдегі банктердің ШОБ субъектілерін қолдау бөлімінің өкілдерінің қатысуымен Қаратау қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында мемлекеттік мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында несие алуға ниетті кәсіпкерлермен кездесу өткізілді. 2022 мамыр айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық несие корпорациясы»,

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамдары өкілдерінің, салалық басқарманың кәсіпкерлікті қолдау бойынша құрылымдық бөлімшенің басшыларының өкілдерінің қатысуымен қала және ауылдық округ кәсіпкерлерімен кездесулер өткізілді. Аудан кәсіпкерлерін ынталандыру мақсатында, ет, сүт, жылыжай, балық бағытындағы кәсіпті дамытуға тәжірибе алмасуға Түркістан облысы Сайрам ауданына жұмыс сапарлары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды насихаттау мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан ақпараттық баннерлер алынып, эскиздерін жасатуға тапсырыс берілді, бірнеше рет аудандық «Талас тынысы» газетіне, аудан әкімдігінің ресми сайтына мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың шарттары жарияланды.

Бұдан бөлек 260,0 млн тенгенің 30 жобасына құжаттарын қаржы институтарына тапсырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.