Қалалық қоғамдық-саяси газет

Игілігі мол инвестициялық жобалар

0 575

Жыл сайын Жамбыл облысында жаңа өнеркәсіптік өндірістер іске қосылуда, аймақ біртіндеп индустриалды-аграрлық өңірге айналып келеді. Облыста Кәсіпкерлікті қолдау картасының инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында аудандарда кең көлемді жұмыстар қолға алынған.

Мәселен, Талас ауданында 2022-2025 жылдарға 39572,0 млн тенгенің 7 ірі жобасы жоспарланған. Онда 711 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жергілікті жерге салық мөлшері 570,0 млн тенгені құрайды.Талдап айтатын болсақ; Өңдеу өнеркәсібі бойынша 34085,0 млн тенгенің 4 жобасы, оның ішінде химия саласында 33000,0 млн тенге 3 жоба және құрылыс саласында 1085,0 млн тенгенің 1 жобасы. Ал жасыл экономика саласы бойынша 5487,0 млн тенгенің 3 жобасы жоспарланған. Осы жобалардың ішінде аталған 3 жобасы биылғы жылы іске асырылады.

2022-2025 жылдарға шағын инвестициялық жобалардың 4094,0 млн тенгенің 149 жобасы жоспарланған. Жұмыспен 227 адам қамтылатын болады. Осының ішінде агроөнеркәсіп кешені – 3056 млн. теңгенің 60 жоба, балық шаруашылығы 200 млн. теңгенің 4 жоба және шағын кәсіпкерлікте 840 млн. теңгенің  85 жобасы жоспарланған.

Ал 85 жобаны қала және ауылдық округтер бөлінісінде 2025 жылға дейін жоспарды талдайтын болсақ 2022 жылы 478,0 млн тенгенің 45 жобасы, 2023 жылы 138,0 млн тенгенің 18 жобасы, 2024 жылы 57,0 млн тенгенің 11 жобасы және 167,0 млн тенгенің 11 жобасы.

Несие бағыттары: Құс шаруашылығы – 9,0 млн. тг. 3 жоба, Өңдеу саласы – 101,0 млн. тг. 8 жоба, Қызмет көрсету – 42,0 млн. тг. 9 жоба, Сауда саласы – 149,0 млн. тг. 12 жоба, мал шаруашылығы – 536,0 млн. тг. 52 жоба, Бал өндіру – 3,0 млн тг  1 жоба.

Нәтижесінде кәсіпкерлерді қаржылай қолдау аясында 2022 жылы бес айда 435,9 млн тенгенің 29 жобасы мақұлданды, төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізді.

Бұдан бөлек, 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың  жалпы көлемі болжаммен 4412,0 (2021 жылы қаңтар-мамыр айларында 4176,8) млн теңгені, былтырғы жылмен салыстырғанда 235,2 млн. теңгеге артық орындалды  немесе 105,6 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 101,8 пайызды құрайды. Талдап айтсақ, кәсіпорындардың ауданға инвестиция тарту бойынша: «Новотекс» ЖШС – 509,1 млн тенге, «Шенгелді» ЖШС-683,9 млн.тенге, «Шенгелді-2» ЖШС- 705,4 млн.тенге, ЖКХ-0 млн тенге, Құрылыс, Архитектура- 51,2 млн тенге, «Шолақтау ТКӨК» -1324,5 млн.тенге, «Амангелді ГАЗ» ЖШС –105,0 млн тенге, облыс әкімдігінің энергетика басқармасы – 500,0 млн.теңге (Газ тарту), облыс әкімдігінің құрылыс, архитектура басқармасы- 0 млн тенге, облыс әкімдігінің автомобиль жолдар басқармасы- 0 млн тенге,  Жеке құрылыс –312,4 млн тенге құрайды.

Оның ішінде меншік қаражаты 3879,1 млн тенге (87,9%), бюджет қаражаты 532,9 млн тенге.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.