Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сауда өркендесе, өңір көркемделеді

0 323

Бүгінде, әсіресе нарық жағдайында саудасыз өмірді көзге елестету қиын. Әсересе, ішкі және сыртқы сауда-саттық кәсіпкерліктің дамуына даңғыл жол ашатын негізгі факторлардың бірі. Олай болса, осы саланың хал-ахуалы қандай?

Мәселен, Талас ауданында 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында бөлшек сауда тауар айналымы болжаммен 1189,3 млн.теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 119,6%-ға немесе 195,2 млн.теңгеге артық (2021 жылы 994,1 млн.теңге). Нақты көлем индексі 115,0 пайызды құрады.

Жалпы ауданымызда 154-ге жуық азық-түлік және азық түлік емес дүкендер бар. Ауданда азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Облыс орталығы Тараз қаласындағы орналасқан ірі дүкен иелерімен (Дәмді Себет, Фиркан, Технодом, Сулпак және Светофор) келіссөздер жүргізіліп, ауданымыздың орталығы Қаратау қаласынан филилалдары ашылды.

Негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары бағаларын тұрақтандыру бойынша бөлім тарапынан күнделікті аудан орталығында орналасқан ірі супермаркеттердің («Диас сауда орталығы», «Фиркан», «Дәмді Себет», «Айда», Ромашка) бағалары шарықтап кетпеу мақсатында мониторинг жүргізіледі. 2022 жылы баға өсімін тежеу мақсатында азық-түлік дүкен иелерімен азық-түлік бағаларына қосылатын үстеме ақыны 10-15%-дан асырмау туралы 28 меморандумға қол қойылды.

Ауданда 19 негізгі азық-түлік тауарларының бағасы 2022 жылдың II-тоқсандағы шекті бағалармен салыстырылады. II-тоқсандағы шекті бағамен 31 мамырдағы баға қорытындысын талдасақ, қымбаттаған 5 тауар, бірінші сұрыпты бидай ұны (22 теңгеге, 11,8%-ға), қырыққабат (81 теңгеге, 65,3%-ға), сәбіз (61 теңгеге, 35,1%-ға) ақ қант (84 теңгеге, 31,7%-ға),  және тауық еті (253 теңгеге, 28,3%-ға) қалған 14 тауарлар бағасы тұрақты деңгейде.

Себебі, Талас ауданында картоп, қырыққабат, және т.б. көкөніс өнімдері басқа өңірлерден әкелінеді (80% Тараз қаласынан). Сондықтан бағалар ең алдымен Тараз қаласында орналасқан «Ауыл береке» базарындағы нарыққа байланысты болып тұр.

Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданы №4 жатақхана ғимаратының 1 қабатынан орналасқан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік павильонында 19 азық-түлік тауарлардың 10 тауары (күріш, қарақұмық, рожки, бөлке нан, сүт майлылығы 2,5%, айран  майлылығы 2,5%, құмшекер бірінші сұрыпты ұн, күнбағыс майы және тұз ) өнімдері қол жетімді бағамен сатылуда. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы ауданда арнайы ашылған әлеуметтік дүкенге кем дегенде 1 ауданға 6 тауарлармен қамтамасыз ету қажет, атап айтқанда күн бағыс майы, күріш, құмшекер, қарақұмық, сәбіз және картоп өнімдерімен. Бірақта 2022 жылдың қаңтар айынан бастап тұрақтандыру қорынан кәсіпкерлерімізге ешқандай тауарлар берілген жоқ, тек қана наурыз айында 5 тонна ақ қант алынды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы несие ала отырып          (0,01 пайызбен) әр ауданда негізгі азық-түлік қорын қалыптастыру жұмыстары бойынша ауданда жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, қазіргі таңда, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы арқылы жеке кәсіпкер Осипова Ирина Ивановна несие алуға құжаттыр топтамасын тапсырып, өткен жылғы желтоқсан айында  3,4 млн. тенге несиеге қол жеткізді.

Бұдан бөлек, Ақкөл ауылдық округінің тұрғыны Касымбекова Кәмшат Тынышбековна ЖК «Касымбекова К» Ақкөл ауылдық округінен әлеуметтік дүкен ашуға «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ыжылдық мөлшерлемесі 0,01% несие алуға құжаттыр топтамасын жинақтап, қорға тапсырды. Қазіргі таңда 2,0 млн тенгеге оң шешім алды.

ЖК Пазылов Қаратау қаласынан ауданда көтерме саудамен (көкөніс) айналысу мақсатында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ыжылдық мөлшерлемесі 0,01% несие алуға құжаттыр топтамасын жинақтап, қорға тапсырды. Қазіргі таңда 6,5 млн тенгеге оң шешім алды.

Ауданда 10 наубайхана (Анель, Корзина, Диана, Ыстық нан, Фиркан, Ләззат, Рахат, Бостандық, Ақкөл және Қайсар) жұмыс істейді. Ауданда күнделікті орташа есеппен 5900 бөлке нан және 2750 тандыр нан шығарылады. Бүгінгі күнге бірінші сұрыпты ұнның 1 кг бағасы 209 теңге аралығында болып отыр. Аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған 0,6 кг пішінді бөлке нанның орташа бөлшек сауда бағасы 90-120 теңгеден сауда дүкендерінде сатылуда. Бүгінгі күнге 35 тонна ұн қоры бар, яғни 15 күнге ұн қоры сақталған.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасына және «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-на аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар бірінші сұрыпты бидай ұнннан жасалған 0,6 кг пішінді бөлке нан өндірісімен айналысатын нан өндіруші ұйымдарға бағаны тұрақтандыру мақсатында, өңірлік тұрақтандыру қорына бірінші сұрыпты ұнмен қамтамасыз етуге ықпал жасау туралы арнайы хат жолданған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.