Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бірлік пен берекенің мерекесі

0 220

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – қиын-қыстау кезеңде қазақ халқының өзгені өзекке теппей, кеңдігі мен теңдігін танытқан көрінісі.
Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының бірлігін нығайта отырып, татулық пен келісімнің бірегей үлгісін қалыптастырдық. Соның нәтижесінде ұлт пен ұлыстың өкілдері бейбітшіліктің бесігінде тербелуде.
Айтулы күн игілікті бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы әрдайым әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.Сондықтан бұл мерекенің басты мәні тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайтуда жатыр.
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, жақындарыңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Бақытжан Орынбеков,
Тараз қаласының әкімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.