Қалалық қоғамдық-саяси газет

Білім саласының көкжиегі кеңейеді

0 192

Президентіміздің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жұртшылық зор үмітпен күтті. Енді сол үміт ақталды деуге болады. Әсіресе, құнды құжатта білім саласына баса мән берілгені, осы саланың өкілі ретінде мені қатты қуантты.

Айталық, Жолдауда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынып, ұстаздарды қолдау саясаты әрмен қарай жалғасатыны нақты көрсетілді. Расында, мемлекетіміз білім саласын қолдаудан ешқашан аянған емес. Педагогтердің де әлеуметтік жағдайы үнемі басты назарда.
Құнды құжатта көпшілікті қуантқан тұс – «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізілуі. Бұл туралы Президент «Еліміздегі демографиялық өсім білімге деген сұранысты арттырады. Мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе жоқ. Тіпті, өзара байланыс жоқ деуге болады. Сондықтан бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын. Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақ пен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады», – деген еді. Шынында, еліміздің өркендеуі үшін жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін. Ол үшін осындай қорлар мол мүмкіндік туғызады.
Қорыта айтқанда, Жолдауда мемлекеттіміздің алдағы даму бағыты айқындалып, нақты міндеттер белгіленді. Ендеше, сол міндеттерді іске асыру жолында баршамыз еңбектенгеніміз жөн.

Гүлшат Жапарқұлова,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.