Қалалық қоғамдық-саяси газет

Білім беру сапасы – табысты ұлт қалыптасуының маңызды шарты

0 297

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында ел дамуының негізгі аспектілерін, білім беру жүйесінің өзекті бағыттарын айқындады. Қасым-Жомарт Кемелұлы жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен ағылшын тілін оқытуды күшейту қажеттігін атап өтті. Шынында да, бітіруші сынып оқушылары бейіндік пәндерді тереңдетіп оқу және жоғары оқу орындарына түсуге дайындық үшін жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді таңдайды.

Ресми деректерге сүйенсек, түлектердің көпшілігі ҰБТ тапсыру кезінде математика, физика, химия және биология сияқты жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді таңдайды. Сондықтан аталған пәндерді оқыту сапасын арттыру үшін педагогтердің біліктілігін үнемі арттыру, мектептің химия, биология, физика кабинеттерін қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Білім беру сапасы – табысты ұлттың қалыптасуының маңызды шарты». Сондықтан қазақстандықтарды жан-жақты оқыту және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау – біздің ортақ міндетіміз.

Айнур Менлибекова,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институтының
«Химия және биология» кафедрасының аға оқытушысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.