Қалалық қоғамдық-саяси газет

Білікті маман – ел келешегі

0 312

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Білікті маман – ұлт болашағы» атты диплом тапсыру рәсімі өтті.

Шараға колледждің педагогикалық ұжымы, «Дизайн және тоқыма», «Сәулет және байланыс», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы», «Автоматтандыру және басқару», «Электромеханика», «Химиялық технология», «Автомеханика», «Техника», «Құрылыс», «Автоэлектрик» мамандықтарының түлектері мен ата-аналары қатысты.
Жалпы 2022-2023 оқу жылында колледжді 642 студент бітірсе, оның 65-і қызыл диплом алды. Міне, осы дарынды түлектерді Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы Дүйсен Абдраимов құттықтап, үлкен өмірге басқан қадамдарына сәттілік тіледі. Бұдан кейін колледж директоры «Үздік диплом» иегерлеріне оқу орнын тәмамдаған құжаттарын табыс етті.
Шара соңы ән-биге ұласып, түлектер оқытушыларымен естелік суретке түсті.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.