Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бетінің сүйектерін сындырған: Алматыда кісі қолынан қаза тапқан жігіттің туыстары әділдік іздеп жүр

0 1  410

Алматылық тұрғын  34 жастағы ағасын бір топ жігіт жабылып ұрды деп шағымданды. Бахтияр Жұраевты белгісіз біреулер өлімші етіп сабап кеткен. Ауыр жарақат алған жігіт көз жұмған. Қайғыдан қан жұтқан оның туыстары кінәлілердің әділ жазалануын сұрайды, деп хабаралайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

34 жастағы Бахтияр Жұртбаев түңгі сағат 3-тер шамасында үйіне келе жатқан. Алдынан бес еңгезердей жігіт шығып, себепсіз соққыға жыққан. Күштеп көлікке отырғызып, айдалаға апарыпты.

“Ағамды айдалаға апарғаннан кейін полицияға арыз жазбайсың деген. Ал ағам бұзақыларды тыңдамаған. Қарсыласқан оны бірден бетінен тепкілеп, басына секірген. Қанжоса қып сабаған”, – дейді марқұмның қарындасы Изабелла Жұраева.

Қансыраған жігітті бұзақылар сол жерде тастап кеткен. Қара жамылған отбасы оқиғаны бейнебақылау камерасы арқылы анықтаған.

Марқұмның туысының айтуынша,  соққыға жыққан бесеудің екеуі ғана қамалған.  Оқиғаға көлік жүргізушісінің де қатысы бар дейді.

“Негізі бұл іске кінәлі алтыншы адам бар. Ол жаңағы көліктің жүргізушісі. Ер адам ағамды ұрып соқпаған. Бірақ істі жасырған. Бәрі біткен соң жедел-жәрдемге хабарласқан”, – дейді Изабелла Жұрбаева.

Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмағандарын айтқан. Басынан  ауыр жарақаттанған жігіт ауруханада көз жұмған. Бұл іске қатысты Полиция тергеу бастады. Бірақ олар да қалған 3 азаматтың босатылғанын хабарлады.

“Қылмыстық жүргізу кодексінің 128-ші бабының нормаларына сәйкес сезіктінің екеуі қамауға алынды. Қалған үшеуіне қатысты тергеу барысында бұлтартпау шарасын тағайындау жөніндегі сұрақ шешілу үстінде”, – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Күдіктілердің кінәлі екені анықталса 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  Марқұмның жақындары күдіктілердің барлығы түгел жазалансын деп талап етіп отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.