Қалалық қоғамдық-саяси газет

Беркімбаев Нұрлан Бекмұратұлы

0 290

Сайлауалды бағдарлама

Мен қасиетті  де киелі мекен Т.Рысқұлов ауданының азаматымын. Туған жерімнің тарихы, халқымның тұрмыс тіршілігінде жақсы білемін.

Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты ретінде де ауданымыздағы әлеуметтік нысандардың бой көтерілуіне (Жаңатұрмыс, Жақсылық ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория), білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне (Ы.Алтынсарин, № 2 шағын орталықты орта мектеп, Құлан мектеп –гимназиясы) ықпал еттім. Қабылдауыма келген әрбір тұрғынның мәселесін зерделеп, оң шешімін табуға ықпал жасадым.  Бүкіл әлемге зардабын тигізген індет кезінде 1 млн 500 мың теңгеге аудандық ауруханага дәрі дәрмек алуға демеушілік жасадым.

Sulpak электр тауарлары дүкенін, «Вкусная карзинка» дүкенін аштым.

Менің мақсатым- «Жас келсе іске» демекші, ауылда өсіп, «Қазақ» атты халықтың асыл  тәлім – тәрбиесіне бөленіп өскендігімді, өзімнің білімім мен біліктілігімді халқымның тұрмыс-тіршілігін көтеруге арнап, өз іс-әрекеттеріммен дәлелдеп халқымның үдесінен шығу. Өз сайлаушыларымның сеніміне ие болып, қолдау тапсам, мынанай өзекті мәселелердің оң шешіміне табуға күш жігерімді жұмсайтын боламын.

  1. Денешынықтыру және спорт, мәдени мұра мен шығармашылық белсенділіктерін насихаттау және дамыту үшін балалар мен жастардың бос уақытын өткізуге қолайлы жағдай жасау.
  2. Құлан ауылы, Панфилов көшесіндегі көпқабатты үйлердің шатырын ауыстыруға ықпал ету.
  3. Құлан ауылының  инфроқұрылымының дамуына жұмыстар жүргізу.
  4. Арай тұрғын үй алқабындағы көпқабатты үйлердің уақытылы тұрғындарға берілуіне, 300 орындық мектеп құрылысының сапалы аяқталуына ықпал ету.
  5. Қ.Сұлтанбеков орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету.
  6. Орта және шағын кәсіпкерліктің қарқынды дамуына қол жеткізу. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие, қайтарымсыз гранттар т.б. мақсатты жұмсалуына ықпал ету.
  7. NEET cанатындағы,сондай-ақ, жұмыссыз жастардың маусымдық, тұрақты жұмыстарға орналасуына ықпал ету.
  8. Сел қаупі бар Жақсылық ауылында су ағатын арықтар (лоток) жүргізуге ықпал ету.

Құрметті сайлаушылар, сіздерден біздің еліміздің, ауданымыздың болашағына немқұрайлы қарамауларыңызды сұраймын. Сіз өз атыңыздан дауыс бере отырып, жарқын болашақ үшін дауыс беретіндеріңізді есте сақтаңыздар.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.