Қалалық қоғамдық-саяси газет

Берілген тапсырма уақытылы орындалуға тиіс

0 1  347

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте қаңтар-қазан айларындағы бюджет қаржысының игерілуі мен шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы қаралды. Сондай-ақ инвестиция тарту, жылу беру, тазалық жұмыстары сынды мәселелер де күн тәртібіне көтеріліп, талқыға түсті.

Тараз қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Жеңіс Пәрімбековтің сөзіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 1 қарашасына қала бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы 105,9 пайызды құраған. Есепті кезеңге жоспар 38 334,3 миллион теңге болса, 2 261,3 миллион теңгеге артығымен орындалуы күтілуде. Қала қазынасының шығыс бөлігіне келсек, мұндағы меже 95,6 пайызды құрайды.
Аппараттық кеңесте бұдан өзге округтердегі тазалық мәселесі де қаралып, бірқатар инспекторлардың жұмысына ескертулер айтылды.
Ал қаладағы қаңғыбас иттерді аулауға аудандардан арнайы мамандар жұмылдырылуда. Бұл жөнінде шаһар басшысы ауыл шаруашылығы бөліміне нақты тапсырма жүктеп, заң талаптарын сақтай отырып, жұмысты күшейту қажеттігін ескертті.

Саян ТІЛЕУЖАН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.