Қалалық қоғамдық-саяси газет

Beeline Janymda – Ақжол тұрғындары бүгінде жоғары жылдамдықты интернетпен осылай мақтанады

0 1  920

Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Ақжол ауылы тұрғындарының өмірі ауылға ұялы байланыс пен интернет қосылғалы бері түбегейлі өзгерді. Осыдан екі жыл бұрын Beeline өзінің базалық станциясын орнатқан болатын. Нысанның құрылысы «250+» әлеуметтік жобаның аясында жүргізілген еді.

«250+» бағдарламасы цифрлық теңсіздікті жою мақсатында 2020 жылы үкіметтің бастамасымен басталған еді. Оған үш ұялы байланыс операторы да атсалысып қатысуда. Бағдарламаның арқасында бүгінгі күні 250 және одан да көп тұрғыны бар Қазақстанның ең шалғай жерлерінде жатқан 1500-ден астам ауыл Beeline интернетімен қамтылған. Соның бірі Ақжол ауылы.

Қазір ауылымызда 390-ға жуық адам тұрады. Мұнараның құрылысы басталғанға дейін ақжолдықтар интернеттің баяу жұмыс жасап әрі тұрақты байланыстың болмауынан біраз қиналды. Алайда ауылымызда базалық станция орнатылғаннан кейін жылдам интернет баршаға қолжетімді болды», – дейді ауыл әкімі Талғат Әлметов.

Гүлзат Мұхатаева Жауғаш батыр атындағы  15 жалпы орта мектебінің физика-математика пәнінің мұғалімі. Мұнараның орнатылуы өзі үшін де, оқушылары үшін де кішігірім мейрам болды.

Бұған дейін интернет болмағандықтан деректі фильмдерді көру немесе қосымша ақпарат іздеу қиынға соғатын. Біз үшін ақпарат – қолымыздағы немесе ата-анамыздың кітаптары болатын. Не болмаса жергілікті кітапханаға барып, кітап оқитынбыз. Басқа қалаларда тұратын туған-туыстарымызбен де анда-санда хабарласатынбыз. Алайда Beeline өз мұнарасын орнатқаннан соң байланыс – тұрақты, ал интернет – жылдам. Ауылымыздың тұрғындары осыған қуанып, желіге кірген сайын Beeline Janymda деп күліп айтатын болды», – дейді Гүлзат.

Өз кезегінде Жауғаш батыр атындағы N15 орта мектептің директоры Жанар Өсербаева мұнараның салынуы, интернеттің жақсаруы оқушылардың білімге деген талпынысын, олардың ізденісіне жаңа серпін беріп, мұғалімдерге де сабақты қызықты өткізуге, сонымен қатар оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болуға оң ықпал етті.

Beeline ұялы байланыс станциясы ауыл мектебінің жанында орналасқан. Сол жерде ауыл мектебінің 7-сынып оқушысын кездестіріп қалдық:

Интернеттің білім үшін пайдасы көп. Қосымша ақпараттың барлығын желіден табамыз. Түрлі бағдарламаларды, фильмдерді, мультфильмдерді көруге мүмкіндік алдық. Яғни, білімімізді жан-жақты толықтырамыз. Интернет үйімізде де жақсы жұмыс жасайды. Енді туған жерімнің тарихын тек кітаптардан емес, интернеттегі жазбалардан да зерттей аламын. Сондай-ақ, интернеттің көмегімен басқа ауылдарда, қалаларда тұратын құрдастарыммен танысып, қатарым көбейді, – дейді қуанып мектеп оқушысы.

Ауыл тұрғындары ұялы байланыс пен жоғары жылдамдықты интернет қазіргі өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын түсінеді:

– Қазір ауылға немерелеріміз келгенде, интернеттің жақсарғанын қуанып айтады. Олар қалада жүргенде, әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп, фото-видеоларымызбен бөлісіп отырамыз, – дейді тұрғындар.

Жоғары жылдамдықты интернет немерелерінің ауылға келіп, ата-әжесімен сапалы уақыт өткізуіне, бұрын болмаған мүмкіндіктерді пайдалануға қосымша себеп болды.

Соңғы екі жылда Beeline интернеті еліміздегі 1500-ден астам шағын елдімекенде қолжетімді болды. Мобильді оператордың LTE желісі Қазақстанда ең көп жерде қамтылған. 2022 жылы іске қосылған «LTE Everywhere» жобасы аясында 1000 ауылдың 1 миллионнан астам тұрғыны 4G желісіне қол жеткізді. Бүгінгі таңда Beeline қызметін Қазақстанда 10 миллионнан астам абонент пайдаланады.

#Beelineменбайланыстабол #BeelineJanymda

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.