Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аналар бас қосқан күн

0 557

«Қоғамдық келісім» КММ-де Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің отырысы өтті. Оған облыстық этномәдени бірлестіктердің Аналар кеңесінің жетекшілері, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова мен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаева қатысты.
Айта кетейік, аталмыш кеңес 2013 жылдың 20 тамызында құрылған болатын.
Оның негізгі мақсаты мен мінде-ті – отбасылық құндылықтарды дамыту және насихаттау, отбасы мәртебесін арттыру, этномәдени бірлестік жастарымен, жалпы білім беру мекемелері оқушыларымен жұмыстар ұйымдастыру, этнос әйелдері арасында құқықтық сауаттылық деңгейін жетілдіру бойынша ақпараттық кеңестер өткізу және отбасылық, қоғамдық маңызды шаралар мен қайырымдылық акцияларын жүзеге асыру мен этномәдени бірлестік жанындағы Аналар кеңесінің қызметтерін үйлестіру.
Жиын барысында ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова кеңестің атқарған жұмыстары мен күн тәртібінде тұрған мәселелерді кеңінен ашып айтты.
Облысымызда 36 Аналар кеңесі жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысының өзіндік атқаратын міндеттері бар.
Қазіргі таңда Аналар кеңесі «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы, «Менің Отаным – менің отбасым» тақырыбы аясында насихат жұмыстарын жүргізіп, аталған жобалар бойынша іс-шаралар ұйымдастыруда. Сондай-ақ кеңес «Жасыл сертификат» әлеуметтік пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы күрес шараларын жүргізуді жоспарлауда.
Сонымен бірге алда келе жатқан Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шаралар ұйымдастыратындықтарын да айта кетті.
Отырыс соңында Ұ.Сламбекова кеңестің төрайымы М.Миражап-оваға Аналар кеңесіне сіңірген адал еңбегі үшін Алғыс хат табыстады.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.