Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Барысхан» алқабына асфальт төселеді

0 221

Қала әкімі Бақытжан Орынбеков «Барысхан» алқабының тұрғындарымен кездесті. Мұндағы жұртшылықты көптен бері жол және қоғамдық көлік мәселесі толғандырып келеді. Тұрғындар тілегіне мұқият құлақ түрген шаһар басшысы барлық мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

– Биыл «Барысхан» алқабының 25 көшесіне асфальт төсеу мақсатында республикалық бюджеттен 1,2 миллиард теңге қаржы бөлінді. Халықтың сұранысын ескере отырып, биыл жалпы қаржының 100 миллион теңгесіне қоғамдық көлік қатынайтын 2 көшені жөндеуді жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстары бірер күнде басталады. Мұндағы автобус- тар мәселесі де маған жақсы таныс. Ең әуелі көшелерді жөндеп болған соң барып бұл мәселеге кірісеміз, – деген қала әкімі жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.
Бұдан бөлек жиын барысында су құбырларын ауыстыру, қоқыстарды тазалау, қаңғыбас иттерді азайту өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады.

Құрбанәлі Шахабай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.