Қалалық қоғамдық-саяси газет

Баршаға бірдей мүмкіндік береміз!

0 226

№22 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат

Байдуанов Уалихан Боларбекұлы

Құрметті сайлаушылар!

Өздеріңізге белгілі, биыл елімізде аудандық және қалалық мәслихаттарға депутаттарды сайлау толығымен мажоритарлық жүйеге көшірілді. Мұндай қадам жергілікті ортада бәсекеге қабілетті саяси орта қалыптастыруға жол ашатыны түсінікті. Осы арқылы халықтың арасынан шыққан, тұрғындардың мұң-мұқтажын қозғайтын жаңа тұлғалардың саясат сахнасына шығуына мүмкіндік берілуде.
Осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, мен де сайлауға қатысу туралы шешім қабылдадым. Сіздермен тарихы терең көне қаламызды дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру арқылы тұрмыс сапасын жақсарту туралы ойымды бөліскім келеді.
Мен, Байдуанов Уалихан Боларбекұлы, 1976 жылы 24 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында өмірге келдім. Білімім – жоғары. 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және 2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірдім.
Еңбек жолымды 1998 жылы мұғалімдіктен бастап, Талас, Жуалы, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласының білім саласында және жергілікті атқарушы органдарда еңбек еттім. Қазіргі уақытта «AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалында қызмет атқарудамын.
Отбасымда, жолдасым және екі ұл, бір қызым бар.
Тараз қаласының және оның тұрғындарының өзекті мәселелері маған таныс. Олардың арасында шұғыл шешуді қажет ететін білім мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту, жастарды жұмыспен қамту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен әлеуметтік салалардағы мәселелер бар. Осылардың барлығын біз шеше аламыз деп ойлаймын. Күшімізді біріктіре отырып, әр тұрғынның тұрмыс сапасын арттыруға және қаламыздың өркендеуіне ықпал ететінімізге сенімдімін.
Еліміздің ең көне қаласы болса да, тәуелсіздік жылдары жаңа заман талабына сай түрленіп келе жатқан Тараз қаласы бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Қаламызда өндіріс пен құрылыс көлемі ұлғайып, шағын және орта бизнес, әлеуметтік салаларда оң өзгерістер байқала бастады.
Айталық, соңғы екі жыл көлемінде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында қалада бірқатар нысандар пайдалануға беріліп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында көшелерді жарықтандыру, аулаларды абаттандыру, жолдарды жөндеу жобалары іске асырылды.
Шешімін табуды қажет ететін өзекті мәселелер де жеткілікті. Мәселен, Тараз қаласындағы №22 бір мандаттық аумақтық сайлау округіне қарасты «Мыңбұлақ» және «Самал» шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлерде 15 мыңнан астам халық тұрады. Олардың арасында әйелдердің үлес салмағы – 59, жастар – 18, зейнеткерлер – 6, студенттер 7 пайызды құрайды.
Округтегі сайлаушылардың 32,8 пайызы бюджеттік мекемелердегі жұмыспен қамтылған, 31,6 пайызы шағын және орта бизнес саласының өкілдері. Ал 7,1 пайызы жұмыссыздар қатарында, мүгедектігі бар азаматтар – 1,4 пайыз.
Экономикалық құрылым бойынша аумақта 4 білім беру нысаны, 2 денсаулық сақтау мекемесі және 3 ірі кәсіпкерлік нысаны орналасқан.
Аумақты дамыту бағдарламасын, БАҚ беттерінде, әлеу- меттік желілерде жарияланған аумаққа қатысты мәселелерді талдау және тұрғындармен сұхбаттасу барысында «Мыңбұлақ», «Самал» шағынаудандарында:
– жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базаларының ескіргені;
– балаларға арналған ойын алаңшаларының жеткіліксіздігі;
– бейберекет сауда орындарының көбеюі және санитарлық талаптардың сақталмауы;
– көпқабатты тұрғын үйлерге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу;
– аулаларды абаттандыру және тұрмыстық қатты қалдықтардың уақытылы шығару;
– аумақтағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жөндеу туралы бірқатар мәселелердің бар екеніне көз жеткіздім.
Осыған орай аталған мәселелерді шешуге байланысты төмендегі сайлауалды бағдарламаны ұсынамын:
– «Мыңбұлақ» шағынауданында орналасқан мектептер ғиматтарын күрделі жөндеуден өткізуге қажетті жобалық-сметалық құжаттың дайындалуына және күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне;
– аумақта орналасқан мектептер мен балабақшаларға баратын жаяу жүргіншілер жолдарын 2025 жылға дейінгі мерзімде орташа жөндеуден өткізуге және қажетті қаражаттың қарастырылуына;
– 2025 жылға дейінгі мерзімде кемінде бес көпқабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстарының жүргізілуіне, аулалардың абаттандырылуына және контейнерлік алаңдардың жаңартылып отыруына;
– жыл сайын кемінде бір балаларға арналған ойын алаңшасының орнатылуына;
– «Мыңбұлақ» мөлтекауданындағы бейберекет сауда орындарының ретке келтірілуіне;
– жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету арқылы олардың еңбектің түрлі шараларымен қамтылуына ықпал ету.
Сонымен қатар:
– «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттердің жүзеге асуына атсалысу;
– халыққа көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелердің орындалуына, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың төленуіне қоғамдық бақылау жасау.

Құрметті жерлестер!

Еліміздің ертеңі қандай болатыны әрқайсысымызға байланысты. Сайлауда дауыс беру арқылы әркім өз болашағына ықпал етеді, таңдауы арқылы ертеңін анықтайды. Сондықтан сіздерді сайлауға келуге және туыстарымыз бен достарымыздың бақытты және табысты өмірі үшін дауыс беруге шақырамын.
Баршаға бірдей мүмкіндік береміз!

«Предоставим всем равные возможности!»

Уважаемые избиратели!

Как известно, в этом году выборы депутатов в местные и городские маслихаты в нашей стране полностью переведены на мажоритарную систему. Понятно, что такой шаг позволит создать конкурентную политическую среду на местах.

Это дает возможность выйти на политическую арену новым лицам, знающим нужды и чаяния простого народа.

 Воспользовавшись такой возможностью, я решил принять участиев выборах.

Хочу поделиться своими мыслями об улучшении благосостояния жителей, о развитии нашего города с богатой и древней историей.

Я, БайдуановУалиханБоларбекович, родился 24 ноября 1976 годав селе ОйыкТаласского района Жамбылской области.Образование высшее. В 1997 году окончил Алматинскийгосударственный университет имени Абая, в 2002 году – Таразский государственный университет имени М.Х.Дулати.

Трудовую деятельность начал в 1998 году учителем и долгие годы работал в сфере образования Таласского, Жуалынского, Мойынкумского районов и города Тараз, также в сфере местных исполнительных органов.

В настоящее время работаю в филиале партии.

Женат, воспитываю двух сыновей и дочь.

Мне известны актуальные проблемы города Тараз и его жителей.

Среди них: укрепление материально – технической базы образовательных учреждений, занятость молодежи, вопросы жилищно-коммунального хозяйства и социальной сферы, требующие срочного решения.

Думаю, мы сможем решить эти проблемы.

Уверен, что объединив свои силы, мы сможем повысить качество жизни каждого жителя и способствовать процветанию нашего города. Несмотря на то, что Тараз – старейший город страны, за годы Независимости преобразовался и продолжает развиваться в соответствии с требованиями нового времени.

Вгороде увеличились объемы производства и строительства, стали отмечаться позитивные изменения в малом и среднем бизнесе, социальной сфере.

За последние два года в рамках «Дорожной карты» по реализации предвыборной программы партии «AMANAT» в городе введены в эксплуатацию ряд объектов, реализованы проекты по освещению улиц, благоустройству дворов, ремонту дорог в сфере жилищно-коммунального хозяйства.

Однако требуют решения многие актуальные вопросы.

К одномандатному территориальному избирательному округу№22 Таразского городского маслихата относятся  многоквартирные жилые дома микрорайонов «Мынбулак» и «Самал», где  проживает более 15 тысяч человек, среди них женщин – 59%, молодежи – 18%, пенсионеров – 6%, студентов -7%.

32,8% избирателей округа заняты в бюджетных учреждениях, 31,6% – представители малого и среднего бизнеса, 7,1% безработных, гражданс инвалидностью – 1,4%.

По экономической структуре на территории избирательного округа расположены 4 объекта образования, 2 учреждения здравоохраненияи 3 объекта крупного предпринимательства.

В ходе анализа программы развития территории, публикаций СМИ, социальных сетей, опросов жителей установлены следующие проблемыв микрорайонах «Мынбулак», «Самал:

-устаревшая материально-техническаябаза общеобразовательных школ;

– недостаточное количество игровых площадок для детей;

– увеличение стихийных торговых мест и несоблюдение санитарных требований;

– проведение реконструкции многоэтажных жилых домов;

– благоустройство дворов и своевременный вывоз твердых бытовых отходов;

– ремонт пешеходных дорожек.

Для решения вышеуказанных вопросов и проблем предлагаю следующую предвыборную программу:

– подготовить проектно-сметную документацию на капитальный ремонт зданий средней школы №47 и многопрофильной гимназии№41, расположенных в микрорайоне « Мынбулак» в течение следующих двух лет и проведение работ по капитальному ремонту в течение трех – четырех лет;

– предусмотреть необходимые средства на проведение среднего ремонта пешеходных дорожек, ведущих к близлежащим детским садами школам, расположенных на территории, на проведение реконструкциине менее пяти многоэтажных жилых домов, благоустройства дворов и обновление контейнерных площадок, в срок до 2025 года.

– ежегодно устанавливать не менее одной детской игровой площадки;

– привести в порядок незакрепленные торговые места в микрорайоне «Мынбулак»;

– содействовать охвату молодежи различными видами труда через поддержку предпринимательских инициатив.

А также:

– участвовать в реализации задач, указанных в предвыборной программе партии «AMANAT»;

– осуществлять общественный контроль за исполнением государственных социальных обязательств, оказываемых населениюпо выплате социальных  пособий многодетным и малообеспеченным семьям.

Уважаемые земляки!

От каждого из нас зависит будущее нашей страны.

Голосуя на выборах, каждый определяет своё будущее.

Поэтому я призываю Вас прийти на выборы и проголосоватьза счастливую и успешную жизнь наших близких, родных и друзей. 

Предоставим всем равные возможности!

 

Тапсырыс беруші: №22 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Байдуанов У.Б.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.