Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бала зорлады деген күдікпен жат ағымның өкілі ұсталды

0 1  593

Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«15 тамыз күні ІІМ, Алматы қаласы және Қарағанды ​​облысы бойынша ПД және ҰҚКД қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде Теміртау қаласының 51 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен республикалық іздеуде жүрген «Таблиги Джамаат» діни-экстремистік ұйымын ұстанушы», – делінген хабарламада.

Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген. Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін азамат Қарағанды ​​облысының уәкілетті органдарына беріледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.