Қалалық қоғамдық-саяси газет

Байзақта жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді

0 188

Байзақ  ауданындағы Тегістік ауылында 90 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға көпшілікпен бірге облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысты.

Өз кезегінде министр ауылдықтарды қуанышымен құттықтап, өңірде мәдени нысандардың жыл санап артып келе жатқандығын, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын айрықша атап өтті.

Сондай-ақ, ауыл тұрғыны Мұхаметжан Садырқұлов тегістіктердің атынан ризашылығын жеткізіп, жаңа нысан ел игілігіне қызмет ететіне сенім білдірді.

Қонақтар мәдениет үйін аралап, кітапханамен танысты.

Айта кетейік, бүгінде облыс көлемінде мәдениет саласында 500-ден аса нысан халыққа қызмет көрсетуде десек, саланы дамыту үшін ағымдағы жылы 11,9 миллиард теңге қаралған.

Халықтың мәдени-рухани сұранысын қанағаттандыру мақсатында өткен жылы облыс көлемінде 4 нысанның құрылысы жүріп, 32 мәдениет нысаны күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен. Биыл 14 мәдениет нысанның құрылысына бюджеттен 1,4 миллиард теңге қаржы қаралса, оның 9-ы жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 21 мәдениет нысаны күрделі және ағымдағы жөндеуден өтеді.

Қазіргі таңда Байзақ ауданындағы 47 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Аудандағы 109 үйірмеге 1 313 адам тартылған. Барлық кітапханалар 100 пайыз интернетке қосылған.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.